Базардағы алыпсатарлардай, соңғы кезде «Отанды құтқарушылар» да қаптап кетті. Барлығының ұсынатыны бұзылып, шіріген тауар. Айтатындары: «Президент жойылсын, үкімет жойылсын, «американкандық ықпалдың агенттері» жойылсын, бірақ, осы орайда, неге екені белгісіз, «ресейлік ықпалдың» агенттері туралы бір ауыз сөз жоқ. Ал олар болса, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында өздерін жарнамалаудан жалығар емес.
Сонымен, империялық бағдардағы «құтқарушылар» барлық дертке ем ретінде бізге не ұсынып отыр? Олардың көксегені КСРО-ны қалпына келтіру, және барлығын Мәскеудің «құдыретті» қолының астына қайтармақшы. Міне, сол кезде барлығы бақытқа кенеліп, тұрмысымыз да жақсарады-мыс.
Білеміз, болғанбыз! Сенбейміз. Біз мұндай «бақыттан» отыз жылға жуық уақыт арылуға тырысудамыз, бірақ ақыл-ойымызды жаулап алған індеттен құтыла алмай-ақ қойдық.
Жоқ, «ортақ өгізден оңаша бұзау артық», демекші, «халықтар түрмесі» болған КСРО-ға оралғанша, өз күнімізді өзіміз көргеніміз артық.
Отарсыздандыру – бесінші колоннаның социал–мутанттарына балама ретінде ….
Екінші жағынан, орын алған ауыр девальвацияға, оған байланысты туған үрейге қарамастан, егер Президент Назарбаев: «экономикалық реформаларды ары қарай жалғастыру үшін өз халқымнан карт-бланш алғым келеді, сондықтан кезектен тыс президенттік сайлау өткізуге барам» десе, еліміздің басым көпшілігінің Елбасын қолдайтынына күмәнданбаймын. Тым болғанда, Қазақстандағы орыстардың басым көпшілігі дауыстарын соған береді, сондай-ақ ұйғырлар, шешендер, түріктер, әзербайжандар мен елімізді мекендейтін басқа этникалық топтардың жүз пайызы Назарбаевты қолдайды. Оларға билікке қазақтың ұлтшылдары келмесе болғаны. Тек қазақтар ғана Назарбаевты толық қолдамауы мүмкін. Дегенмен, титулдық ұлттың ары кеткенде сексен пайызы өз президенттеріне дауыс береді Және бұл қазақтардың нашар адам болғанынан емес, бұл демократия. Оған сәйкес, кімнің, кімге дауыс беретінін әр кімнің жеке таңдауы біледі. Тіпті, ұлт патриоттарын қолдасаң да өзің білесің, бірақ қазақтарға олардан қауіптенуге еш негіз жоқ.
Сондай-ақ түрлі деңгейдегі әкімдер «жомарттық» жасап, қазіргі билік басындағы мемлекет басшысына он бес пайызды «сыйға» тартатыны да естен шығармаған жөн. Өйткені барлық әкімдер сайлаудағы артық пайыз үшін олардың басын ешкім алмайтынын, ал егер кем болып қалса, ешкімнің басынан сипамайтынын жақсы біледі.
Қасқасы, тіпті, бүгінгідей саяси-әлеуметтік жағдай ушығып тұрған кезде де, Президент кезектен тыс сайлауға баратын болса, ол халық қолдауының сексен пайыздан жоғары
сеніміне ие болады.
Сондықтан Назарбаевқа өзінің өкілеттілігі үшін қауіптенбесе де болады. Міне, осыған байланысты әлеуметтік желілерде пайда болған түрлі майдандар мен «социалистік қарсыласу» топтары Қазақстанда күшпен төңкеріс жасауға шақырып, сол арқылы билікке келуді жоспарлауда. Өйткені олар арам ойларын басқаша жүзеге асыра алмайды. Бір рет, 1917 жылы Ресейде солай болған-ды. Енді олай болмайды, аңсамаңдар!
Қазақтар ақымақ емес. Олар билікке осындай саны бар сапасы жоқ топтар келсе, тұрмысымыздың түзелмейтінін жақсы біледі. Керісінше, елімізде қайтадан социалистік эксперименттер орын алып, азаматтардың бір тобы екінші топтағы азаматтардың мүлігін тартып ала бастайды. Қайтадан тұтқындаулар, адамдарды атулар орын алып, азамат соғысы басталып кетуі мүмкін.
Қысқасы, «қараңғы елге арамза — молда», демекші, егер шала оқымысты марксшілерге сенсек, біз, Қазақстан халқы, орны толмас өкінішке ұшыраймыз. Өйткені, Карл Маркс социалистік қоғамға қажетті нақты алғышарттар туындаған кезде көшуге болады деген еді. Ал ол үшін бізге кемелденген капиталистік қоғам құру керек. Ал бізде ол атымен жоқ. Бүгін біз Қазақстанда капитализм құрудың алғашқы кезеңінде ғанамыз. Оның өзі де феодалдық сипатта.
Сондықтан бізге «КСРО-ға кері оралайық» деген тозығы жеткен ұранды көтерген отарлау емес, отарсыздандыру қажет. Оның ішінде, ең алдымен, сана-сезімімізді толық және түпкілікті отарсыздандыру қажет.