АЛТЫНОРДА
Новости

Серік МӘЛЕЕВ. Ресей телевидениесі орыстарды неге жексұрын және құбыжық ретінде көрсетуде?

Бұл ой маған көпке дейін маза бермеп еді. Өйткені, түсініксіз дүниені түсіну маған қашанда қиын болатын. Мұндай саясаттың қисыны неде, деп абдырайтын едім. РБК телеарнасының бес бірдей жүргізушісінің орыс мәселесін талқылап, орыс ұлтын табанасты қылғандағ ешнәрсені түсінбей дал болатын едім.

Сондай-ақ Нагиевтің жабылып қалған бағдарламасынан бастап, Малаховтың «Пусть говорятын» көргенде де осындай әсерде қалдым. Соңғы жылдардағы ресейлік телехикаяларда, ток–шоуларда, көркемсуретті материалдарда да орыстар жағымсыз жағынан, бейне бір құбыжық ретінде көрсетілуде. Олар кілең кісі өлтіруші, зорлаушы, баспанасы жоқ пенделер іспетті. Мұндай жағдайда, еріксіз «шынымен, бүкіл Ресей осындай ма?», деген сұраққа қаласың. Дегенмен енді мен оған жауап тапқан сияқтымын. Бұл жаңа орыс императоры Путиннің бейнесіне ерекше сипат беріп, асқақтату үшін қасақана жасалып отырған дүние. Сөйтіп, Русьтің жаңа императоры В.В. Путинді әспеттеп көрсету мақсатында орыс халқын әдейі толымсыз, жарымжан, маскүнем және өмірден қажыған тобыр ретінде көрсетуде.

Халыққа сөз арнаған ресейлік телеарналар «Міне, біздің патшамыз осындай», деген сыңай танытады : «көрдіңіздер ме, ол қандай батыл адам, өз отанының нағыз патриоты, ол қандай самбист және шаңғышы, ішімдік ішпейді, шылым шекпейді. Ал біз жарымжан, кембағал пендеміз. Біз өмірден шаршап, төңілген бейшаралармыз. Сондықтан осындай аумалы-төкпелі заманда бізге қамқоршы, тіреуіш қажет. Міне сондай арқасүйер тіреуіміз Путин» — ресейлік саяси технологтардың орыс халқының миына құйып жатқан басты қағида осы.

Сондықтан ресейлік телеэкрандардан өмір қаншалықты күңгірт көрсетілсе, соншалықты жақсы болады. Орыстарды олардың ешнәрсеге икемі жоқ тобыр екендігіне қаншалықты иландырсаң, Ресейдің мемлекеттік институттары соншалықты күшті болады.

Путин бұл жерде ешнәрсені ойлап тапқан жоқ. Адамдар мен патшаны біріне қарсы қойып, халықты патшаның қамқорлығына, қолдауына зәру тобыр ретінде көрсету ежелден қалыптасқан тәжірибе.

Европадағы, Азиядағы және ортағасырлық Русьтің өзіндегі деспотиялар осындай қағидамен құрылған. Жаплғыз ғана жаңалық — бүгінде халықтың миын қатырып, санасын улау үшін телевидение мен газеттер пайдаланылуда. Олардың мақсаты халықтың ұлттық санасы мен саяси жігерін түп-тамырымен өшіру. Ал ойлауға қабілетті адамдардың елден қашуы өте жақсы нәрсе — лаңшылдар мен сотқарлар аз болады.

Бұған ресейлік БАҚ-тың экрандары мен газет беттерінен төгіліп жатқан орыстың әсіре ұлтшылдығын қоссақ, картина толық болады.

Бөліп-жарып, биле, намысын тапта, жер қыл – бүгінде президент Путиннің жеке билігін нығайту үшін жанталасып жатқан биліктің сойылын соғатын ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының басты императиві осы.

Аударған Қайрат Матреков