АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Шағын көшелер неге қардан тазаланбайды?

Биыл қалың қар Алматы қаласын қыс басталмай жатып-ақ басып тастады. Соның салдарынан көшелерде ұзын сонар көлік кептелісі орнап, жаяу жүргіншілердің де жүріп-тұруы қиындады. Осыдан кейін ақпарат құралдары жаппай қала әкімдігін сынап, наразылықтарын білдірген соң, мегаполистің тек ірі даңғылдары ғана қардан тазартылып, ал шағын көшелер қараусыз қалды. Қазіргі кезде кішкентай көшелердегі тазаланбаған қар қатып, мұзайдынға айналды. Тегіс айдын болса, бір жөн. Ойдым-ойдым жерлерден өтетін адамдар тайып құлап, аяқ-қолдарын сындырып жатыр.

Неліктен үлкен даңғыл жолдар ғана тазаланып, ал кішкене көшелер ескерусіз қалуда? Неге оған көңіл бөлінбей отыр?

Алмасбек СӘТТІБАЕВ, Алматы қалалық мемлекеттік экологиялық инспекция бөлімінің бастығы:

– Қазір біз қаланың ірі көшелеріндегі арықтардың ішінде жиналған қарды тазалау жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Су тасқынының алдын алу үшін бірінші кезекте осыны бітіруіміз керек. Әрине, әрбір аудандағы қар тазалайтын меке­ме­лер өздеріне белгіленген аумақтарды ша­малары келгенше күндіз және түнгі уа­қыттарда да тазалап отыр. Ал шағын кө­шелерге келетін болсақ, оларды та­залау біздің жұмыс кестемізге кірмеген. Он­дай көшелерді тек біз ғана емес пәтер иелері кооперативтері (ПИК) және жекеменшік үйлер қожайын­да­рының өздері де тазалауы тиіс. Бұл ретте ПИК-термен бірігіп жұмыс жа­сау­ды қолға алдық. Алдағы уақытта шағын кө­шелердің де мұздарын ойып, құм мен тұз себетін боламыз..

Автор: Серік ЖҰМАБАЕВ

http://alashainasy.kz/s