АЛТЫНОРДА
Новости

«Шал» «Киношокта» көрсетіледі

23(213)Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі 15-22 қыркүйек аралығында өтетін Халықаралық «Киношок-2013» кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына өткен 11 туындының қатарына кірді. 

Негізгі бағдарламаға «Шалмен» қатар, режиссерлер Дмитрий Томашпольский мен Алена Демьяненконың «F 63.9 махаббат дерті», Харди Вольмераның «Тірі суреттер», Айгарса Грауба «1935 армандағы топ», Камар Камаловтың «Ұмытпа мені», Георгий Качаровтың «Грузияда шығарылған… тегін», Темір Бірназаровтың «Құштарлық», Руфат Гасанов пен Эльвин Адыгозелдің «Хамелеон», Виктор Тихомировтың «Чапаев-Чапаев», Аудрюс Юзенастың «Экскурсантка» және Мария Саакянның «Бұл мен емес» атты туындылары өткен.

Фестиваль аясында негізгі бағдарламадан тыс ұйымдастырылған «Шок шекарасы», «ТВ-Шок» және «КиноМалыШок» атты үш конкурсқа қазақстандық режиссер Вениамин Ильясов «Тая, Миша, Лариса» және Әсия Сүлеева мен Әнуар Райбаев «Жеңіс қылышы» атты өз туындыларын ұсынып отыр.

Конкурстық бағдарламаға қатысатын фильмдерді режиссер және актер Александр Галибин, латыш продюсері Гатис Упмалис, кинотанушы Наталья Нусинова және грузин режиссері, «Киношок» фестивалінің өткен жылғы жеңімпазы Заза Урушадзе бағалайды.

http://www.baq.kz/kk/news/35640