АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Шанхайда бір-бірін шатастыратын егіз-жас жұбайларға тегін ота жасалатын болды

Кытай тұрғындары ағайынды Чжао Синь (Zhao Xin) мен Чжао Сюань (Zhao Xuan) және олардың әйелдері, апалы-сіңлілі Юн Фэй (Yun Fei) мен Юн Ян (Yun Yang) бір-бірін шатастырмас үшін жүздерін өзгертпек.

NzYmvB16PNs

Сурет: vk.com 

Ота Шанхай госпитальдерінің бірінде жасалмақ.

Басылым атап өткендей, ағайындылар Чжао бір-біріне түрлерімен ғана емес, олардың дауыстары мен ым-ишараттары да бірдей.  Апалы-сіңлілі Юндерде де тап осындай жағдай.

«Егіздер бір-бірімен кездесе бастағанда бір-бірін ауыстырып алу қаупі төнді. Осындай жағдайлардан кейін олар мәселелерін пластикалық хирургия арқылы шешуге бел буды», – деп жазды газет.

Ерлі-зайыптылардың жанұялары Қытайдың солтүстіктегі  Шаньси провинциясында орналасқан көрші ауылдарда өмірге келген.

Басылым ақпаратынша, дәрігерлер отаны тегін жасауға келісті.

Источник: Stan.kz