АЛТЫНОРДА
Новости

Шаңхайда Қытайдағы қазақстандық студенттердің құрылтайы өтуде

Шаңхай. 24 сәуір. Baq.kz — Кеше Қытайдың Шаңхай қаласында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына арналған Қытайдағы қазақстандық студенттердің екінші құрылтайы басталды. Алқалы жиын 26 сәуірге дейін жалғаспақ. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және «Bolashak students in China» студенттік ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан іс-шараға ҚХР-дағы ҚР елшілігінің, «ХБО» АҚ, «Болашақ» қауымдастығы, «Қазақфильм» АҚ басшылары, Шанхайдағы бас консул, сондай-ақ АҚШ пен Қытайдағы, Еуропа, Азия және ТМД елдеріндегі көптеген қазақстандық студенттер ұйымдарының өкілдері қатысуда.
Хабарламада «ҚХР аумағында жұмыс істейтін қазақстандық студенттік ұйымдарын біріктіру меморандумын жасау және ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының 20 жылдығына орай ресми қабылдаулар өтеді» делінген.
Құрылтай бағдарламасы күрделі екендігін атап өткен жөн. Оны өткізу барысында Фудань университетінің Халықаралық білім институтының, «Цзяотун» Шанхай университетінің (Shanghai Jiaotong University) Халықаралық білім институтының, Шанхай қаржы-экономикалық университетінің халықаралық алмасу институтының басшыларымен кездесу өткізіледі.
ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы таныстырылатын 9-шы Халықаралық білім форумы мен халықаралық білім көрмесінің барысында ынтымақтастықты кеңейту мәселелері де іс-шра барысында талқыланатын болады. Сонымен қатар Құрылтай қатысушылары қазақстандық режиссердің болашақтықтар туралы «Болашақ үшін» филімін көру мүмкіндігіне ие болады және олар командалық рухты біріктіру үшін өткізілетін флешмобқа қатысады және қаланың көрікті жерлерімен танысатын болады.

 

http://www.baq.kz/kk/news/26965