|
|
ән бере қоймағанымыз рас.
Өйткені, «ұстаса кетуді» ұната қоймайтын біздің билік ол оқиғалардың артын жылы жауып, соңын сиырқұйымшақтатып жіберуге әбден дағдыланып алған еді. Кей-кейде өлім-жітіммен аяқталып жататын өзбекпен шекарадағы сол оқиғалардың соңы адам айтса нанғысыз Арқанкергендегі жантүршігерлік қырғынға ұласты. Отанын күзеткен он бес жауынгерге опасыздық жасалды. Оған «ел іргесін қасық қаным қалғанша қорғаймын» деп ант-су ішкен жауынгерлердің қашқындық әрекетін және қосыңыз. Не бәлесі бар екенін қайдам, әншейінде құламайтын ұшақ та, тікұшақ та тап осы шекарашылар мінсе, омақасатын жағдайға жетті. Ол аздай, шенді-шекпенді шекара қызметкерлері бірінен соң бірі оққа ұшып, өзі үрейлі ел ішін одан бетер дүрліктіріп жіберді. Сонымен, қазақтың шекарасын шыр айналдырып жүрген нендей қырсық? Орайын тауып, осыны бір саралап көрсек дейміз. «Қазбат»-тың ардагер офицері Асқар Шымпиев шекара қызметіндегі бұл оқиғалардың бәрінің бір-біріне шынжырдай байланып жатқандығын алға тартады. Өйткені, бұл жердегі басты рөлді ақша ойнайды деседі. Әр күн сайын қазақ шекарасынан асатын тауар тасқынында есеп жоқ көрінеді. Алайда, оның бір бөлігі кедендік ресімдеуден өтсе, ендігі қалғаны мемлекет қазынасын сырт айналып кетеді екен. Шекарадағы шудың басталуына «Қорғас» бектіндегі атышулы істің тікелей әсері бар» деседі көпті көрген жауынгер. Сәбеттен қалған шекарашылар күніне орайлас ұйымдастырылған «Арқанкерген» оқиғасына да сол контра¬банданың қатысы бар делінуде. Бұл – өткен жазда айтылған оншақты дүдәмалдың бірі ғана. Шымпиев осы болжамға көп иланатын сияқты. Өйткені, тура соның алдында ғана шекарашылар бір партия жалған тауардың жолын кескен екен. Оқиға орнында басы ашылмай қалған сұрақтар баршылық. Осыны ескерген қорғаушылар Челахтың «ісінен» де шалалық табылды деп қайтадан шала бүлініп жатыр. Ал, Қазақстанның «терминаторы» атанған байғұс сарбаз шолақ өмірін темір тордың ар жағында өткеріп жатыр. Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласының түбінде бір топ шекарашылар мінген ұшақ құлап, 27 адамның мерт болғанына да қырық күннен асып барады. Осы орайда 30 жыл ғұмырын шекара қызметіне арнаған полковник Тұрғанбек Стамбековтің қазасы да қасақана ұйымдастырылған деген әңгіме қылаң беріп қалады ел ішінде. Рас-өтірігін қайдам, оның өліміне де әлгі атышулы «істердің» қатысы бар көрінеді. Шекарадағы өте мықты, адал қызметкер екендігін сезген топ алдын ала оның көзін құртуды жоспарлаған деседі. «Ақпарат көздерiнiң хабарлауынша, осы кеңеске генерал Талғат Есетов те қатысқан. Жиынның алдында генерал Президенттiң қабылдауына кiрмекке талпыныпты. Өзiн отставкаға жiберу туралы өтiнiшiмен. Өтiнiштен бөлек тағы әлдененi айтқысы келген болар, бәлкiм. Алайда, Президенттiң қабылдауына кiре алмаған. Әлдекiмдер бөгет жасаса керек»… Ал, Талғаттың әпкесi Гаухар Есетова былай дейді: «Отставкаға кеткiсi келiп жүргенiн бiрнеше рет айтқан бiз¬ге. Түсiнгенiмiз, жоғарыдан қысым жасалыпты. Шымкенттiң түбiнде апатқа ұшыраған әскери ұшаққа менiң бауырым да мiнуi тиiс болыпты. Мұны өзi айтты. Алайда, Талғат ол ұшаққа отырудан бас тартыпты. Басшылыққа кешкi рейс¬пен ұшатынын ескерткен. Бiр ажалдан аман қалып, бiр айдан кейiн атылып қалды дегенi… Мұндай кездейсоқтыққа сенбеймiн»… Мақала авторының жазуына қарағанда, «ұшақ апатқа ұшырағаннан кейiн әлдекiмдер «сен неге мiнбедiң?» деп Есетовке қысым жасаған деседі. Генерал Есетовтiң ұшаққа мiнбей қалуында және Президентке кiре алмауында әлде¬қандай бiр гәп бар» дептi қаралы жиынға келгендердiң бiрi. Сондай-ақ, алдыңгүні ғана шекара нарядынан қайтар кезде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өңірлік «Шығыс» басқармасы Шонжа шекара жасағы шекара заставасы басшысының орынбасары, капитан М. Қадыралинов өз-өзіне қол салды деген ақпарат тарады.Осылайша шекара шебіндегі «үлкен ойындар» бірінен соң бірі үн-түнсіз жалғасып жатыр. Ал, қаза болғандардың артында қалған ағайын шындықты білуге зарығып отыр. Бар сырды бүккен «қара жәшіктер» де құпияны ашып айтуға құлықты емес. Өйткені, «қара жәшіктің» тілін білетін Ресейдің де кей оқиғаларда қолтаңбасы бар болуы мүмкін деген әңгіменің әлі де басылар түрі көрінбейді. Қысқасы, қаралы істің ақ-қарасын айырады деген қазақ билігінің қолынан әзірше мардымды ештеңе келмей тұр. Біздің бар білеріміз осы ғана. http://www.ulttimes.kz/ |