АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Шіркеу мұсылмандарға сатылды

ширкеуҰлыбританияның Стаффордшир графтығына қарайтын Стоук-он-Трент елді мекеніндегі әулие Петр атындағы католик шіркеуі жергілікті мұсылман жамағатына сатылды.

Бирмингемдік католиктердің өкілі епархияда ұзын саны 250 мың адамның тізімі барын жеткізді. Алайда, әулие Петр шіркеуіне келетіндердің қатары күрт кеміген соң, ашық сауда кезінде ең жоғары баға ұсынған мұсылмандарға сатуға мәжбүр болғанын тілге тиек етті.

Соңғы он жылдың ішінде АҚШ, Ұлыбритания елдерінде қаңырап қалған шіркеулердің мұсылмандардың меншігіне өтіп, мешітке айналып жатқанын айта кету керек.

2007 жылдың әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне қарағанда, британдықтардың 15 пайызы шіркеуге тек айына бір-ақ рет ат ізін салады екен. Өзге дерек көздері бойынша Ұлыбритания шіркеуге келетін жамағаты жағынан кәрі құрлықта төртінші ел болып табылады. Бұл туралы muslim.kz. хабарлады

http://qamshy.kz/