Жақында орыс тілінде жарық көретін «Время» басылымының элкрондық нұсқасында «Ой-бай, это Абай?!» атты мақала жарық көрді. Онда Шығыс Қазақстан облысы басшылары Ұлы қазақ классигі Абай Құнанбайұлы мен Владимир Ленинді шатастырып алғандығы туралы айтылған. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысы Зыряновск ауданында мәдени ескерткіштер ревалюциясы басталды. Иә, иә дәл! Аудан орталығында орнатылған Ұлы Абай Құнанбайұлының ескерткіші жергілікті тұрғындарға әйгілі прлетариат көсемі Владимир Лениннің бейнесін елестеткен. Жаңа ескерткіш деген жәй аты. Оның Абайға арналып орнатылғанына да күмәнданушалар жоқ емес. «Время» басылымының жазуынша, жергілікті тұрғындар қазақ ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткішті жәй ғана реконструкциялай салған деген пікірде. Тіпті тұрғындардың айтуынша бұрынға көсем Лениннің ескертікіше жаңа бас орната салған. Ал бұрынғы ескерткіштің денесі сол күйі өзгертілмеген-мыс.
Жақында жергілікті әкімдік Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы мен орыстың классигі Александр Пушкиннің ескерткіш мүсіндерін қатар ашқан болатын. Ал Абайдың ескерткіші жергілікті «Горняк» мәдениет үйінің алдына орнатылған.
Екі бірдей ескерткіш мүсінді ашу үшін жергілікті бюджеттен 7 миллион теңге жұмсалған Ал ескерткіш мүсіннің авторлары бұл жұмысқа бір ай көлеміндегі уақыттарын жұмсаған. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, Ресей ақыны Александр Пушкиннің ескерткіш мүсіні шын мәніндегі ақынның бейнесіне ұқсаса, қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының тас-темір мүсіні күмәнділау шыққан. Бұл жұмыстың авторы – мүсінші Евгения Гайсина.
Ал әлеуметтік желі қолданушылары. «Бұл Абай емес, Ленин. Қараңыздаршы дәл Ильичтің өзі ғой»,-дейді.
Қазақ ақыны Абай мен пролетариат көсемі Лениннің ескерткіштеріндегі ұқсастықты жергілікті әкмшілік те байқаған.
«Иә, арықтау болып қалыпты. Қазір облыстық әкімшіліктен бұйрық күтеміз. Мүмкін ескерткішті жаңадан жасаймыз»,-дейді Зыряновск ауданы әкімінің орынбасары Вячеслов Клиновицкий «Время» баслымына берген сұхбатында.
Иә, Шығыс Қазақстанда Ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткіш мүсіндеріне қатысты түсініспеушілік жиі туып отыратыны белгілі. Мысалы, 2015 жылдың маусым айында Өскемен қаласындағы Абай мен Михаэлс ескерткіштері қоғамдық ортада дау тудырғаны туралы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары жазған болатын. Қазақ және орыс классиктерінің бірге «сельфи» жасап тұрған бейнелері әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызған. Ұлы классиктерді құбыжық «хоббитке» теліген жергілікті әкімшілік халықтан кешірім сұрап, ертесі күні-ақ, әлгі ескерткіштің көзін құртқан болатын. Айтпақшы, Өскеменнің ораталығында ескерткіштің орын әлі де болса ойсырап тұр. Қорытындалай келе айтпағымыз, Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі мен жергілікті басшылар Абай Құнанбайұлын келемеждеуді қашан доғарады? Бір реткі «мақұл, түсініспеушілік болыпты» дедік, екі рет «қалай бұл?» дедік. Сонда бұл, ШҚО басшылары ақылының таяздығын көрсетеді ме? Әлде, әдейі жасалып жатқан шабуыл ма, бұл?
Нұргелді Әбдіғаниұлы
«Қамшы» сілтейді