Бірнеше жекеменшік үй қирап, қалалық ауруханаға зардап келген. Қарулы жікшілдерге қарсы операцияға қатысушы Украинаның әскери күштері. Донецк облысы, 9 тамыз 2014 жыл.
Донецк облысында Украина әскері мен сепаратистер арасында шайқас жалғасып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, қақтығыс барысында минометтен атқылаған. Бірнеше жекеменшік үй қирап, қалалық ауруханаға зардап келген.
Луганскі тұрғындарының сусыз және электр қуатынсыз отырғанына сегізінші күн болды. Дәріханалар мен дүкендердің көпшілігі жабық, мобильдік және желілік телефон байланысы істемей тұр.
Бұған дейін өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» жаңа премьер-министрі Александр Захарченко Донецк пен Горловкадағы сепаратистердің қоршауда қалғаны туралы хабарды растап, атысты тоқтатуға әзір екендері туралы мәлімдеген.
Бірақ, украиналық әскерилердің мәліметтері бойынша, өткен түні Макаровое, Нижняя Ольховка, Городище, Марьинка және Трудовское елдімекендері жанындағы тосқауыл бекеттерін қарудан атқылаған. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ.
10 тамыз 2014
http://alashainasy.kz/sabaktar/52959/