АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Шымкентте AgroProm Shymkent көрмесі өтуде

da3acdab4e67f6c67e7e756e5501d82a_LШымкентте тамақ өнеркәсібіне арналған жабдықтар мен технологиялар көрмесі өтіп жатыр. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шараға әлемнің 70 елінің ең ірі компаниясының Қазақстандағы өкілдері қатысуда. Германия, Италия, Біріккен Араб Әмірлігі мен Польша және көршілес Қырғызстан мен ресейлік компаниялар өздері жасаған азық-түлік өнеркәсібіндегі құрал-жабдықтары мен қосалқы бөлшектерін және жаңа технологияларын ұсынды. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары мен кәсіпорындары өндіріп жатқан отандық өнімдер де қойылды. Онда жылыжай құрылғыларынан бастап, көшеттерге дейін бар. Көрмені тамашалаушылар түйе-тауықтың тәтті еті мен шөлді аймақта піскен алманың дәмін татып көрді. Жалпы облыс аумағында азық-түлік тауарларын өндіруші 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Биылғы жылдың 10 айында сол кәсіпорындар 130 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Ал индустрияландыру картасы аясында 14 миллиард теңге инвестиция тартылып, 31 жоба жүзеге асқан. Еркін Сәдібеков, агроном: — Жартылай ергежейлі алма көшеттерінің бойы 3 метрден аспайды. Өнімділігі де жоғары. Шет елден алып келген көшеттер бізге қымбат бағада түседі. Ал өзімізде шығып жатқан өнімдер арзан. Айдос Әбиханов, Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары: — Бұл көрмеге Алматы, Астана қаласының көтерме дистрибьюторларын шақырып отырмыз. Өйткені біздің тауар өндірушілер тауарды өндіргенімен, оны жылжытатын сол дистрибьюторлар болып табылады. Сондықтан олар бүгін біздің тауар өндірушілердің өнімдерімен танысып, өздерінің жасаған талдауларына байланысты келісімшарттарға тұрамыз. 

Источник: http://www.24.kz/