АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Шымкентте әр сенбі жәрмеңке өтеді

2Шымкент қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен әр сенбі сайын Қажымұқан атындағы орталық стадион маңында ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік және күнделікті тұтыну тауарларын өндірушілердің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылуда. Өткен сенбіде ұйымдастырылған жәрмеңкеге Отырар, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өз тауарларын шымкенттіктерге ұсынған болатын. Аталған аудандардың әрқайсынан 10 тонна көкөніс, 3 тонна ет, 2 тонна картоп, және 1 тоннадан кем емес жеміс-жидек пен сүт өнімдері жеткізіліп, облыс орталығының тұрғындарына жеңілдетілген бағада саудаланды. Енді алдағы 12 қыркүйек күні өтетін жәрмеңкеге Арыс қаласының және Сарыағаш, Шардара аудандарының диқандары мен шаруалары қатысады деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі