АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

Шымкентте «бала сату» күдігімен екі дәрігер қамалды

30052013-25Шымкентте №1 перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі мен неонатолог дәрігері «жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан» деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының мәліметінше, күдіктілердің «анасы бас тартқан жаңа туған сәбилерді бала сүйе алмаған азаматтарға сатуға» қатысы бары анықталған.

Прокуратура басқармасының басшысы Болат Жұматаевтың сөзіне қарағанда, қазір оннан астам бала сату фактісі мен сәбилерді кім сатып алғаны анықталған. Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

http://www.azattyq.org/