АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Шымкентте бизнес өкілдерінің түйткілді мәселелері талқыланды

crop_npp-news-1423228675Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымының стандарттарына сәйкес қазақстандық кәсіпкерлер жұмысын ширатып, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып келеді. Мемлекет қолдауының арқасында еңсесін тіктеген бизнес өкілдері әлемдік дағдарысқа қарамай, шалғай елді мекендерде балабақша тұрғызып, стадиондар салып беруге дайын екендіктерін жеткізді. Бұл туралы Шымкентте өткен кәсіпкерлер форумында айтылды. Кәсіпкерлер палатасы жанынан арнайы жедел топ құрылған. Олар заңсыз тексеруге тосқауыл болып, бизнесмендердің құқығын қорғайды. Кәсіп ашамын дегендерге кеңес беріп, құжатын рәсімдеуге қол ұшын созады. Форумда мемлекеттік сатып алу кезінде отандық тауар өндірушілердің өніміне көбірек басымдық берілетіні де айтылды. Жиында бизнес өкілдері жұмысқа тұсау болған түйткілдерімен бөлісіп, толғандырып жүрген сауалдарына тұщымды жауап алды. Нұралы Әбішев, кәсіпкер: — Кәсіпкер 16%-бен несие алатын болса, соның 10%-ын мемлекет төлеп береді. Мемлекеттің бағдарламасы орындалып жатыр. Екінші деңгейлі банктер 1-2 айдан бері ақша жоқ деп, қаржы ала алмай жатқан жағдайымыз бар. Осы мәселе де көтерілді, енді шешімін табатын шығар деп отырмыз. Нұржан Әлтаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары: — Қазір бұл проблеманы Үкімет шешіп жатыр. Ұлттық банк пен Үкімет екінші деңгейлі банктерге теңгемен біраз қаражат беріп отыр. Ол қаражат бизнесмендерге қолжетімді болады. Сондықтан бұл проблема шешілді деп айтуға болады.

Источник: http://24.kz/