АЛТЫНОРДА
Новости

Шымкентте доллар тапшылығы байқалды

Шымкенттегі Азаттық тілшісі 21 желтоқсан күні қаладағы валюта айырбастау пункттерін аралап, жағдайды білген еді.

Бұл қалада валюта айырбастау пункттері негізінен Тәуке хан даңғылының бойына шоғырланған. 15 шақты валюта айырбастау пунктінде доллар болмай шыққан.

Валюта айырбастау орнының қызметкері Азаттық тілшісіне «Банктердің 19 желтоқсаннан (жұма) бері доллар сатпай отырғанын, сондықтан ақша айырбастау пункттерінде де доллардың сатылымда жоқ екенін» айтқан.

Ақша айырбастау пункті қызметкерінің айтуынша, олар «долларды теңгеге айырбастау операцияларын ғана орындап жатыр, бірақ доллар сұраушылар көбейген». Ал екінші бір ақша айырбастау орнының қызметкері «доллар бір аптадан бері жоқ» деген.

Шымкентте қазір бір доллардың құны 185 теңге болып тұр. Алайда Азаттық тілшісіне шымкенттік бір тұрғын долларды бейресми түрде 186 теңге 50 тиын бағамымен сатып алғанын айтқан.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26754888