АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

Шымкентте көпбалалы отбасы «жыртық үйді» қыстап шықты

8A6491D6-39F7-4AFC-A168-2803570A48A2_w268Күміс және алтын алқа иегері 39 жастағы Ұлжалғас Қабылова – сегіз баланың анасы. Бес қыз, үш ұлы бар көпбалалы ана тұрмыс тауқыметін, жоқшылық зарын айтады.

СЫЗ БЕН ЫС

Азаттық тілшісі Шымкенттегі «Акбар» базары маңынан үлкені – 17-ге келген, кенжесі жастан асқан сегіз баласымен үй жалдап өмір сүріп жатқан көпбалалы әрі жалғызілікті ананың тыныс-тіршілігімен наурыз айында барып танысты.

Олар тұрып жатқан «күркені» үй деуге келмейді. Аяқ шешетін кіреберіс «тамбур» кісі айнала алмайтын тар, «шәй ішетін» ас үй де 3-4 шаршы метрден аспайды, түпкі «негізгі бөлменің» де ас үйден үлкендігі шамалы. Шатырдан аққан су ізі қабырғаны жырмалап тастаған. Сыздың иісі қолқа қабады. Ұлжалғас Қабылова Азаттық тілшісін үйге енгізіп, тіршілігімен таныстырып жатыр.

— Бұл біздің аяқ киім шешетін, ертең күн жылынғанда тамақ дайындайтын асханамыз ғой, — дейді кіреберіс бөлмені нұсқап, әрі ыңғайсызданғаны білінген көп балалы ана. Оның сөзіне қарағанда, «Қыстай үйден су өткен. Жамап-жасқаумен болған. Сонда да қабырға сылағы құлай береді».

Ұлжалғас Қабылова қабырғасы сөгіліп, төбесінен су сорғалап тұрған бұл «күрке тамды» паналуға мәжбүр екенін айтты. Өйткені, «сегіз баласы бар адамға ешкім пәтерін жалға бермейді».

— Мынау екінші бөлме. Бөлме деген аты ғана. Жауын-шашын бола қалса, су ағады, топырағы түседі. Бірақ осы жерде шәй ішеміз (ас үй), негізгі бөлмеге сыймаған соң, кейбіріміз осында ұйықтаймыз, — дейді көпбалалы ана.
Ұлжалғас Қабылова базар аумағын тазалап, айына 30-35 мың теңге жалақы алады. Кейде балалары оқитын мектеп, жергілікті әкімдік «киім-кешек, азын-аулақ азық-түлік беріп көмектеседі». «Балалары ептеп, есептеп, аздап бұйырған тамақты жейді».

Сыз тартқан суық үйдің «негізгі» бөлмесіне бірінің үстіне бірі екі төсек қойылған. Тозыңқы теледидар тұр. Жердегі жұқа кілем үстіне бір қабат көрпе тастапты. Онда енді ғана жасқа толған кенже ұл ұйықтап жатыр. Сол жақта жамау-жамау қара пеш. Қыстай от жаққаны байқалады. Бөлмеге сызбен қоса, ыстың исі сіңіп қалған.

Екі қабатты төсектің төменгі бөлігінде үш қыз отыр. Нан ұстап отырған кіші қыздың жасы — екі-үштер шамасы, екіншісі «мектепке биыл барған», ересектеуінің жасы 12-ге шығыпты. Ол тілдесуге құлықсыз, теріс қарайды. Төсектің бірінші қабатында көрпе астында Ұлжалғас Қабылованың тұңғышы, колледжде оқитын 17 жастағы қызы тұншығып жылап жатыр. Аналары «Бойжетіп қалған қыз ғой. Ұялады, жылап жатыр. Ересектеу екі ұлым қонақ келеді деген соң қашып кетті. Ел көзіне түскісі жоқ. Тағы бір қыз сабақта» дейді.

Ұлжалғас Қабылованың бұл пәтерді жалға алғанына — екі жыл, жалпы қалада тұрғанына 10 жылдан асқан. Мемлекеттен жер телімін алу үшін — 2009 жылы, пәтер алу үшін 2013 жылы кезекке тұрған.

ӘКІМДІК МӘЛІМЕТІ

Шымкент қаласы тұрғын үй секторының меңгерушісі Гүлнәр Құдайбердіқызы Азаттыққа Ұлжалғас Қабылованың көпбалалы отбасы ретінде пәтер кезегіне 2013 жылы тұрғанын растады.

Ұлжалғас Қабылова үш қызымен отыр. Шымкент, 2015 жылдың наурызы.
Ұлжалғас Қабылова үш қызымен отыр. Шымкент, 2015 жылдың наурызы.
— Бүгінде нақты нешінші тұрғанын сәуір айының аяғында біле алады. 2014 жылғы есеп бойынша 4 мың 284-ші кезекте тұр, — дейді әкімдік өкілі.

Сектор меңгерушісінің сөзіне қарағанда, «Жалпы қала бойынша 15 мың адам пәтер кезегіне тіркелген. Ұлжалғас Қабыловамен кезекте тұрған азаматтардың бәрі әлеуметтік әлсіз топ қатарында».

— Былтыр бұл топта кезекте тұрғандарға пәтер берілмеді. Биыл салынып жатқан 2000 пәтерлі тұрғын үйлердің бәрі уақтылы тапсырылса, жоспар бойынша бұл санаттағы 600 адамға пәтер берілуі тиіс, — дейді Гүлнәр Құдайбердіқызы.

Сегіз баламен «жыртық тамда» пәтер жалдап тұрып жатқан Ұлжалғас Қабылова пәтер кезегі алдағы бірнеше жылда келетініне сенбейді.

— Мына күркеге айына 15 мың теңге төлейміз. Коммуналдық төлемдерің тағы бар. Сонда айына 20 мыңнан асады. Жәрдемақылар сегіз балама жетпей жатыр сол, қу тіршілік. «Өз үйің — өлең төсегің» дейді ғой. Ұлтарақтай жер болса, бала-шағаммен жабылып, кесектен кішігірім үй тұрғызып алатын едік, — деп күрсінеді ол.

Ал аты-жөнін көрсетпеуді өтінген Шымкент қалалық әкімдігі қызметкері «Қалада берілетін жер телімі болмағандықтан, кезекте тұрған азаматтарға жер телімін беру тоқтатылған. Қазір қала бойынша 69 мың адам жер телімі кезегінде тұр» дейді.Азаттық тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің әлеуметтік көмек бөлімімен хабарласқан еді. Алайда олардан жауап алу мүмкін болмады. Ал Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімі басшысы Назира Сейдуллаева «Тұрмысы төмен әрі көпбалалы отбасылардың 18-ге толмаған балаларына атаулы көмек пен әр балаға берілетін 2 мың 82 теңге жәрдемақы бар. Коммуналдық төлемнің 10 пайызынан қалғанын мемлекет тұрғын үй көмегі ретінде береді. Көпбалалы ана ретінде 8 мың 246 теңге, оған қоса, алтын алқаның иесі болса, айына 12 мың 685 теңге қарастырылған» дейді. Сейдуллаеваның сөзіне қарағанда, «осы жәрдемақыларды есептегенде, бұл отбасының тұрмысы кедейлік шегінен төмен емес».

Шымкент қаласында 605 адам кедейшілік (7 мың 81 теңге) шегінен төмен өмір сүріп жатыр, оларға мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көм

Дилара ИСА

http://www.azattyq.org/

Фота Азаттык радиосы сайтынан алынды