АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Шымкентте неге бәрі арзан? (фото)

14Күн сайын шарықтап жатқан доллар шымкенттіктер үшін аса әсер ете қоймайды. Өйткені Шымкентте бәрі арзан. Әсіресе азық-түлік пен тамақ. Бірақ неліктен?

Осы сұраққа жауап іздеген NUR.KZ тілшісі қоғамдық тамақтану орындарына арнайы барып, иелерімен тілдесіп  көрді.

Айта кетейік, Шымкентте қарапайым базарлардағы асханалар мен элиталы дәмханалар өте көп. Сол себеппен тағамдардың орташа бағасын білу үшін келушілер көптеп жиналатын орындарды таңдадық.

29

Шымкентте самсаның орташа бағасы – 100 теңге. Баға түріне және ішіне қосылатын қоспасына байланысты. Қатпарланып әзірленген самсалар 50 теңгеден басталады. Ал тандыр самса 100-150 теңге төңірегінде.

31

«Самал автовокзалы» маңындағы «Жалал» дәмханасында етті әрі майлы тандыр самса 150 теңге тұрады. Мұндағылар күніне екі рет (таңғы сағат 8.00-де және кешкі 17.00-де) 300-ден аса самса әзірлеп, кешке дейін оның барлығы сатылып кетеді.

30

Дәмханада самсадан өзге қазақ пен өзбектің ұлттық тағамдары бар. Бағасы қалтаға қонымды. Қоғамдық тамақтану орнының иесі Ташболаттың айтуынша, самса бизнесімен айналысып келе жатқанына биыл 25 жыл толыпты. Мұнда күніне 300 самса сатылса, оның 100-інің ақшасы таза табыс екен.

32

Ташболат Өскенбаев доллар бағасының шарықтауы самса бизнесі үшін де салқынын тигізбей қоймаған дейді. Баға тұрақты кезде самса 100 теңгеден сатылған.

17

«Шығынды жабуымыз керек. Бұрын табыс бұдан да көп болатын. Осыған да қанағат», – дейді ол. Айтпақшы, самсаға қосылатын етті кәсіпкер өзгелер секілді базардан сатып алмайды. Ұлы қасапшы екен. Өзі сойып, самсаға қажетті май мен етті бөліктерін таңдап алады.

25

15

Ал бір тал кәуаптың орташа бағасы – 220-250. Кәуаптың да бағасы етіне байланысты. Қабырға мен тауықтың қанатынан дайындалатын кәуаптың әр данасы 300 теңгеден. Әрине, базарларда баға бұдан да арзан. Бірақ, ондағы сервисті дәмханалардағымен салыстыруға мүлдем келмейді.

22

Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Мейман Ата» дәмханасында кәуаптың 7 түрі дайындалады. Халмат Мамановтың айтуынша, жұмыс күндері бұл дәмхана шенді жәні әкімдік қызметкерлері түстенетін тұрақты орынға айналдырыпты.

11

Дәмхана әуежайға жақын орналасқандықтан келім-кетіп қонақтар да осы қоғамдық тамақтану орнына бас сұғып кетіп жүр. Тек әуе жолаушылары емес, алыс-жақын қала, аудандардан келушілер де «Мейман Атаны» тамақтанатын орынға айналдырған.

05

08

Солардың бірі – Арыс қаласының тұрғыны Әбдімәлік Ағыбай. Шымкентте жиі келіп-кететін ол «Мекен Ата» дәмханасына әр келген сайын бас сұғады. Кейде осы жердің кәуабы үшін отбасымен арнайы келеді.

02

«Дәмі өте керемет. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сервисі де жақсы. Кәуап дайындайтын жер өзіміздің Арыста да бар. Бірақ, мұндағы кәуаптарға жетпейді. Бағасы да қалтаға қонымды. Шымкенттегі «Көксарай» дәмханасына жиі барамын. Ол жақпен мұндағы баға жер мен көктей. Тіпті бірнеше есе қымбат деуге болады», – дейді келуші Әбдімәлік Ағыбай.

20

«Мейман Ата» дәмханасында жаздың күндері 400 данаға дейін кәуап дайындалады. Ал қыста 300-ге жуық. Кәуап бір күн бұрын тұздалып дайындалып қояды. Келуші қонақ кәуапты тапсырысқа берген соң небәрі 15-ақ минут күтеді.

09

23

Өйткені кәуап әзірлеуші өз ісінің хас шебері. Ол – Халмат Маманов. 1988 жылдан бері кәуап дайындаумен айналысып келеді. Айта кетейік, мұнда бір күнде кәуапқа 20 кг ет жұмсалады.

19

Күніне сатылған кәуаптан түсетін қаржының (кететін шығыннан бөлек) 30 пайызы таза табыс.

Шымкентке ат басын бұрып, палау тағамынан дәм татпай кететін қонақ кемде-кем. Мұнда өзбектің ұлттық тағамы палауды әзірлейтін бірнеше орталықтар бар. Барлығының өз келушілері жоқ емес. Назарларыңызға «Түркістан» деп аталатын дәмхананың палауын ұсынып отырмыз.

04

Бұл орынды ағайынды екі жігіт ашқан. Қызмет көрсете бастағанына 2 ай уақыт өтсе де, тұрақты клиенттерін жинап үлгерген. Жұмыс күндері келушілердің қарасы өте көп. Әсіресе түскі ас уақытында кезекке тұрып, күтетіндер бар.

16

«Біз бәріміз бағасы арзан әрі дәмді жерден тамақтануға құмармыз ғой. Біздегі палау Шымкенттің өзге жерінде жоқ. Аспазды Өзбекстан елінен арнайы алдырттық. Ағам екеуміз бұған дейін Сарыағаш ауданында дәмхана ашқанбыз. Кейін облыс орталығына келуге бел будық. Алла бұйыртса, жақын күндері қаланың қақ ортасынан тағы бір дәмханамызды ашпақпыз», – дейді дәмхана иесі Дәурен Абдуғаниев.

13

Дәмханада дүйсенбі мен жұма аралығында күніне екі рет түскі және кешкі ас уақытына жақын палау әзірленеді. Оған 20 келідей күріш жұмсалады. Тура сондай мөлшерде сәбіз кетеді.

Айтпақшы, күріштің «лазерь» деген түрі пайдаланылады. Оның бір келісі 900 теңге тұрады. Ал ет 1100-ден. 150-ден астам порция палау шығады. Ал демалыс күндері тек бір рет қана дайындалады. Бағасы бір порциясына (толық сыбаға) 600 теңге. Сіз үшін қымбат болуы мүмкін. Өйткені Шымкентте бір порция палауды 400-500 теңгеден де табуға болады. Бірақ, «Түркістандағы» палаудың бір порциясы өте үлкен. Кішкене легенмен пара-пар.

қазан

Палауды аспаз Жаппар Усенбаев дайындайды. 1985 жылдан бері палау дайындауды меңгерген оның ұлы да осы кәсіппен айналысады.

Тағы бір ерекше атап өтерлігі, «Түркістан» дәмханасында жол бойында келе жатқан келушілерді шақырып, бағыт көрсетіп тұратын қызметкер бар.

01

Осылайша біз Шымкенттегі ең өтімді тағамдардың бағасын саралап көрдік. Бағасына қатысты бірнеше құпияларын да аштық. Ал сіздің қалада баға қандай?