Бүгін, 14 қазан күні Ж.Шанин атындағы облыстық Академиялық қазақ драма театрында Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық-ай» әдеби музыкалық қойылымының премьерасы өтуде. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 170 жылдығына орай сахналанатын әдеби музыкалық толғау тұңғыш рет Оңтүстік сахнасында көлеңкелі қойылым ретінде көрерменге ұсынылмақ. Спектакльдің көркемдік жетекшісі – Қуандық Қасымов болса, көлеңкелі сахнаның режиссері – Мейрам Хабибуллин. Кешкі сағат 19:00-де басталатын шығарма 15 қазан күні де қайта қойылады.
ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.