«Жасыл аймақ» бағдарламасының аясында облысымызда көшет отырғызу акциясы жалғасын табуда. Бүгін ағаш отырғызу шарасына облыс және қала әкімдіктерінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен еңбек ардагерлері қатысты. Әкімшілік-іскерлік орталығының маңы мен қала көшелеріне арша, емен және қарағайдың 800-ге жуық көшеті отырғызылды. Жыл соңына дейін қала бойынша 31 мыңнан астам түрлі-түсті қылқанды, декоративті және жай жапырақты ағаш түрлері егіледі деп жоспарлануда.
http://ontustik.gov.kz/