Бүгін сағат 14:00 шамасында Шымкентте 2 баллдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Оңтүстік Қазақтан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Нұрлан Темірбаевтың Азаттыққа хабарлауынша, жер асты дүмпуі бүгін 14 сағат 01 минутта сезілген.
«Алматы қаласындағы «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» ЖШС берген мәліметіне сәйкес, дүмпу эпицентрі Аламаты қаласының оңтүстік-шығысында 586 шақырым қашықта Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының аумағында болған. Ал Шымкент қаласы аумағында 2 баллдық жер сілкінісі сезілді» − дейді баспасөз қызметінің маманы Нұрлан Темірбаев.
Әзірге жер сілкінісі зардабы туралы әрқандай бір мәлімет түспеген.
http://www.azattyq.org/archive/news/20141027/330/330.html?id=26658916