АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУІНЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 3 МЛН. ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ

img-20151102-wa0005Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент жасыл қалаға айналмақ. «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көшет егу жұмыстары қаланың төрт бөлігінде жүргізілуде. Олар 1700 га алқапты алып жатқан «Айкөл», 385 га «Ақтас», 300-ге жуық га «Бөржар» мен 100 га «Қайнарбұлақ» учаскелері. Бүгінде осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында құрылған «Жасыл аймақ» мекемесінің мамандары қаланың батыс бөлігіндегі 2500 гектар алқапқа ағаш көшетін егу жұмыстарын бастады. Жасыл белдеуге желтоқсан айына дейін 3 млн. түп қарағаш егіледі. Бұл жұмыстарға 23 техника мен 120 жұмысшы жұмылдырылған. Нәтижесінде Шымкент қаласындағы жасыл желек 5 мың гектар алқапқа ұлғайып отыр. Егіліп жатқан көшеттің бәрі облыстағы тәлімбақтардан алынып отыр. Бұдан бөлек қаламызда аумағы 200 гектарды құрайтын қоғамдық бақ та құрылады. Бақта алма, шабдалы алмұрт секілді жеміс ағаштары өсіріледі. Бұл Қазақстанның өзге қалаларында әзірге баламасы жоқ бақ болмақ.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі