Сиднейдегі кепілге алу оқиғасы кезінде үш адам қаза тапты. Австралия полициясы қаза тапқандардың бірі адамдарды кепілге алған қарулы адам екенін хабарлады.
Оқиға кезінде қарулы адам кафеде адамдарды 16 сағаты бойы кепілге ұстап отырған. Қарулы адамның ирантекті екені хабарланған.
Полицияның кепілге алғандарды босату әрекеті барысында қаза тапқан ер адамның жасы 34-те, әйел адамның жасы 38-де екені мәлім болған.
Ал күдікті атыс кезінде оқтан жараланып, ауруханада көз жұмған. Ол 17 адамды кепілге алған. Бірнеше адам жараланған.
50 жастағы күдікті өзі кепілге алған адамдарды кафе терезесі алдында исламға қатысты жалауларды желбіретіп ұстауға мәжбүрлеген. Оның аты-жөні Ман Харон Монис деп жарияланған.
Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Сиднейдегі оқиғаны айыптады. Министрлік өкілі 1996 жылы «Ираннан қашқан» Монистің «психологиялық проблемалары» жайлы Австралия жағына ескертілгенін айтып отыр.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26746092