АЛТЫНОРДА
Новости

Сирияда әуе соққысынан елуге жуық адам өлген

Сирияның орталығындағы Телль-Биса қаласында үкімет әскери авиацяисының соққысы салдарынан 48 адам мерт болған. Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының деректері бойынша, көтерілісшілер бақылауындағы қаланы әскери ұшақтар екі күн бойы бомбалаған. Құқыққорғаушылардың айтуынша, көтерілісшілердің бірнеше жетекшісі қаза тапқан, бірақ олардың аты-жөндері аталмайды.

Телль-Биса қаласындағы жергілікті белсенділер бомбалау салдарынан 50-ге жуық адам қаза болғаны туралы айтады.

Сирия мемлекеттік ақпарат құралдары армия «террористер» жиынына соққы берген деп хабарлады. Сирия билігі президент Башар Асадтың билігіне қарсы көтеріліске шыққандардың бәрін «террористер» деп атайды.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26589899