АЛТЫНОРДА
Новости мира

СИРИЯДАҒЫ ӘУЕСОҚҚЫЛАРҒА РЕСЕЙЛІКТЕРДІҢ ОЙЫ ҚАНДАЙ?

0,,18752816_303,00Ресей Президенті Владимир Путиннің Сирияға әуе шабуылын жасау туралы шешімі біразды таңқалдырған болатын. Бұл туралы «Қамшы» порталы globalpost.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ресейлік басшының шығыс көршісіне қатысты жоспары көпшілік үшін әлі күнге дейін жұмбақ болып отыр. Кремльдік үкіметтің назары «Исламдық мемлекет» ұйымын еңсеру екені сөзбен айтылса да, іспен дәлелденген жоқ. Ресейлік үкіметтің негізгі мақсаты – ISIS-пен күрес жүргізу емес, жазықсыздарға шабуыл жасап, Башара аль-Асадтың билігін қолдау дейді көптеген сыншылар.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі Сирияға бағытталған әскери ұшақтары мақсатты қарсыластарды жойғанын мәлімдесе, сириялық оппозициялық топтар мүлдем қарама-қайшы пікірді алға тартып отыр. Олар Ресейдің қарапайым халыққа тигізген зардабына, кінәсіз жандардың өліміне наразы екенін білдіруде.

Бірақ, Ресей ІІМ-нің бас хатшысы Мария Захарова батыстық және өзге елдердің бұқаралық ақпарат құралдарын Сириядағы жағдайға байланысты халықты дезинформациялап жатқандары үшін кінә тағуда.

Есесіне Орыс Православиелік Шіркеуінің өкілі Всеволод Чаплин өңірлік БАҚ-қа берген сұхбатында батыс елдері туралы дәнеңе деген жоқ, бар болғаны отандастарының бұл қарекетін қолдап: «Терроризмге қарсы күрес қасиетті соғыс саналады. Біздің мемлекетіміз, осы ретте белсенділік танытып отыр» деген болатын. Бұл мәлімдемесін объективтілікке балау ағаттық болар, себебі шіркеудің Кремльмен тығыз байланысы бар, оның үстіне мұндай саяси қолдау танытып отырғаны бірінші рет емес.

Саяси элитаның басым көпшілігі Кремльдің нұсқауымен шешім қабылдауға дағдыланған. Бұл Ресей үшін қалыпты жағдай. Айта кетсек, шешендік көшбасшы Рамзан Кадыров та осы жағдайдың айқын дәлелі.

«Ресейлік әуе операциясының жалғыз орындалып жатқаны, әрине, өкінішті. Бірақ, Сириядағы ISIS-пен күрес жүргізіп жатқан әскерге жәрдем-күш қажет болса, біз алғашқылардың бірі болып кезекке тұрамыз. Біздің әскери дайындық нөмірі бірінші деп аталуға лайық», — деп пікір білдірді, мазасыз аймақтың көшбасшысы.

Ағымдағы аптада жасалған сауалнамада Ресей халқының 2/3 бөлігі Сирияға әскер жіберуге қарсылық білдіргені анықталды. Халықтың көпшілігі 1979 жылдан бастау алған Ауған елімен 10 жылға созылған қанды шайқаста 15 мың кеңестік сарбаздан айырылғанын өкінішпен еске алады. Ресейліктер ол соғыстың коммунистік тәртіпке деген үлкен халықтық агрессия тудырып кеткенімен бөлісті.

Путин және өзге де ресми тұлғалардың айтуынша, құрлықтағы әскер Сириялық жоспарға енбейтіні жөнінде мәлімдеген болатын. Бірақ, үкіметтің уәдесіне байланысты бүгінде күмән білдіретіндер де аз емес көрінеді.

Назгүл Назар

«Қамшы» сілтейді