Осы аптада көптен төрт жыл сарыла күткен Сочи Олимпиадасы да басталды. Төртжылдық дүбірлі додаға әлемнің 90-ға жуық мемелекетінің спортшылары қатысып жатыр. Алайда әр түрлі себептермен осы Олимпиададан сырт қалған қысқы спорт түрлерінің жұлдыздары да бар, дейді «Алаш айнасы» газеті.
Бұл тұрғыда назарларыңызғаrus.delfi.lv дереккөзіне сүйене отрып, жас журналист Бек Төлеуовтің дайындаған мақаласын ұсынбақпыз.
Екі бірдей Олимпиада чемпионы атанған америкалық сноубордшы Сэт Уэскоттүшінші рет чемпиондық атағын қорғай алмайтын болды.Уэскотт Американың ішкі біріншілігінде басты бәсекелестері Нику Баумгартнер мен Нэйт Холландқа есе жіберіп, Сочиге баратындардың тізіміне енбей қалды. 37 жастағы жұлдызды спортшы мұның себебін арқасынан және тізесінен алған жарақаттарымен ұштастырады.
Биатлоннан екі дүркін әлем чемпионы, шаңғы жарысынан Олимпиада ойындарының жүлдегері неміс Мириам Гесснерде Сочиге келген жоқ. Бұған Мириамның велосипедпен серуендеп жүріп абайсызда алған жарақаты себеп болған. Жаз айындағы, маусымдық дайындық кезіндегі жарақаты жазылмай, Гесснер мұны қаңтарда журналистермен өткізген баспасөз мәжілісінде көзіне жас алып тұрып айтқан болатын.
2010 жылы Ванкуверде ресейлік шаңғышы Александр Панжинскийге спринттік жүгіруде мәреге бірінші келу үшін милиметр ғана жетіспей қалған (1-орын – Никита Крюков). Әйтсе дебар-жоғы 24 жастағы Сашаға Сочиден орын табылмады. Сондықтан спортшы үшін ендігі үміт – Пхенчхан-2018 Олимпиадасы.
Сочидегі Олимпиаданың көрігін қыздырады деген спортшылардың бірі Линдси Вонн еді. Тау шаңғысынан Олимпиада және екі дүркін әлем чемпионы атанған америкалық қыз да жарақатына байланысты көрермендер қатарына қосылды. Олөткен жылы тізесінен ауыр жарақат алған.
Тау шаңғысынан екі дүрін әлем чемпионы франциялық Тесса Ворле де дәл Линдси секілді тізесін жарақаттап алып, Ресейге ат басын бұра алмады.
Тау шаңғысынантағы бір Олимпиада чемпионы, яғни Андреа Фишбахер де Австрия құрамасының тізіміне енбей қалған.
Турин Олимпиадасында шашасына шаң жұқтырмаған шаңғышы Евгений Дементьевдопинг қолданды деп 2009 жылы уақытша спорттан шеттетілген еді. Сол себепті Ванкувер Олимпиадасынан тыс қалған. Аластатылған уақыты аяқталған соң жарыстарға қатыса бастаған. Бірақ, неге екені белгісіз, жерлестерінің алдында өнер көрсету құқығы бұйырмады.
Олимпиада және әлем чемпионы ресейлік биатлоншы Светлана Слепцова Ванкувер ойындарынан соң да біраз белестерді бағындырып еді. Бірақ, Ансидегі іріктеу кезеңдерінде сәтсіз өнер көрсетіп, құрамаға іліге алмаған спортшылардың қатарына енді.
Олимпиада және әлемнің төрт дүркін чемпионы шаңғымен тұғырдан секіруші Мартин Шмитт өзінің төртінші олимпиадасына қатысуды қалап-ақ еді. Сочиде чемпион атанып, карьерасын сәтті аяқтағысы келген Шмиттің жоспары орындалмады. Шамасы Германия құрамасының бас бапкері Мартин бұл спортшыны олимпиадалық құрамадан көргісі келмеген тәрізді.
17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Елизавета Туктамышева бір жыл бұрын Ресейдегі барлық қарсыластарын тұқыртқан болатын. Арада бір жыл өткенде жағдай өзгеріп шыға келді. Іріктеу сындарында қарсыластарына есе жіберген Елизавета енді Пхенчхан Олимпиадасын күтетін болады.
Мәнерлеп сырғанаудан екі дүркін әлем чемпионы жапониялық Мики Андо2013 жылы дүниеге нәресте әкелді. Бірақ, кейіннен құрамаға оралғанымен, басты бәсекелестері Сузуки мен Асадидің көлеңкесінде қалып қойды.
Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің жүлдегері, мәнерлеп сырғанаудан жұптық бәсекеде өнер көрсететін Юко Кавагутиді де Сочи жанкүйерлері өз айдындарында көре алмайды. Қазан айында алған жарақатынан әлі толық айықпаған спортшы олимпиаданы тек көрермен ретінде тамашаламақ.
Шорт-тректен төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Ван Мэнде Сочиге бара алмайтындардың қатарында. Қытайлық спортшы жаттығу кезінде әріптесімен абайсызда соқтығысып қалып, аяғын екі жерден сындырып алды.
Хоккейден Канада құрамасы сапында екі дүркін олимпиада чемпионы атанған «Нью-Джерси» клубының қақпашысы Мартин Бродер 25 хоккейшінің қатарына кіре алмады. 41 жастағы ардагер қақпашының орнын бұл жолы Роберто Луонго («Ванкувер»), Кэри Прайс («Монреаль»), Майк Смит («Финикс»)басты.
Ұлттық хоккей лигасында өнер көрсететін «Тампа» клубының 39 жастағы капитаныМартен Сен-Луи Канада құрамасы сапында «Әлем кубогы-2004» турнирінде чемпион атанған еді. Одан кейін 2008,2009 жылдары әлем чемпионатының күмісін олжалады. Финалда Ресей құрамасынан ұтылған болатын. Ванкуверге де қатыса алмаған хоккейшіні бас бапкер Сочиге де ертпейкетті.
Канада құрамасының тағы бір жұлдызы, 2007 жылғы әлем және 2010 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Эрик Стаалға даолимпиадалық құрама сапынан орын табылған жоқ. Бұған Эриктің былтырғы әлем біріншілігіндегі және «Каролина Харрикейнз» сапындағы сәтсіз өнері себеп болса керек.
Танымал хоккей шабуылшысы Джейсон Спецца «Шпенглер» кубогын қоспағанда Канада құрамасы сапында ешқандай турнирде жеңіске жетпеген. Алты рет әлем біріншілігіне қатысқан (3 рет ересектер, 3 рет жастар арасындағы). Құрама сапындағы ең ірі жетістігі – екі рет әлем біріншілігінің күміс жүлдесін олжалауы. Спецца чемпион атанудағы басты арманын Сочиде де орындай алмайтын болды.
http://alashainasy.kz/sport/49190/