АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

[:kz]Қазақша сөйлейтін жерге бар: Алматыдағы “Узбечка” кафесі мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартқан[:]

[:kz]

 
Мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді сұрағаны үшін экономист, профессор Атамұрат Шәменовты кафеден шығарып жіберген.
– Алматының Әузов ауданында Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы “Спутник” кешеніне қарсы орналасқан “Узбечка” деген кафе бар екен. Кірсең отыра қалып тамаққа тапсырыс беруің керек, біреуді күтуге рұқсат жоқ, қазақша сөйлемейтін кафе, неге қазақша сөйлемейсіндер десең, “біз сөйлемейміз, керек болса қазақша сөйлейтін жерге барыңыз” дейді, – деп жазды Атамұрат Шәменов.
 
Экономисттің айтуынша, зал меңгерушісі түрі шығыс келбетіндегі әйел екен.
– “Мен қазақ емеспін, қазақша білуге міндетті емеспін” деп тақ ете қалды. Бұл қоғамдық орын мен тұтынушы ретінде қазақ тілінде тапсырыс қабылдаңыз десем, қысқа “жоқ” деп қайырды. Сәлден кейін “сізге қызмет көрсетілмейді” деп мені кафеден шығарып жіберді. Менің түйгенім бұрынғы Елбасының интернационализм саясатының жемісі диаспоралардың мемлекетті менсінбеуіне әкелгені. Алматы қаласының әкімдігі, аудандар Жаңа Қазақстан құруға талпынысы мардымсыз, сондықтан менің сөзімнің шындығын білгісі келетін журналистерге осы кафеге баруларына кеңес беремін. Тіл комитеті, кәсіпкерлікпен айналысатын басқармалар, прокурорлар қайда қарап отыр? SOS!!!», – деп жазды ол.

”Адырна” ұлттық порталы

[:]