АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақша сөйлеуге міндетті емеспін, мен орыс ұлтымын[:]

[:kz]

Интернет-дүкенге бір затқа тапсырыс бердім. Ол Ресейдің компаниясы екен. қазақша қызмет көрсетіңіздер,болмаса заттан бас тартам деген едім. Он күн болды күнде біреуі хабарласады əлгі сөзімді қайталаймын тұтқаны қоя салады.

 

Бірақ күнде қоңырау шалады. Заттың құны əжептəуір қымбат. Бүгін біреуі хабарласып тұр » сізге тапсырысты жеткізейк, бірақ қазақша сөйлеуге міндетті емеспін, мен орыс ұлтымын» деп сызылады.

 

Мен адал еңбегіммен тапқан ақшамды менің тілімді құрметтемейтіндердің пайдасы үшін жұмсағым келмейді. Қатты қажет еді бірақ əлгі заттар қызметкерлері маған қазақша қызмет көрсетпегені үшін бас тарттым.

 

Қырсық мінезім аааай деееп отырым енді.

 

Гулжанар Амантайқызы

Фейсбуктегі парақшасынан

ashainasy.kz

[:]