АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Сон Паскаль қазақ тойларынан табатын табысының көлемін жариялады

скачанные файлы (1)Бірнеше жылдан бері Қазақстанды тұрақты мекеніне айналдырған итальяндық әнші Сон Паскаль қазақ тойларынан табатын табысының көлемін жария етті. Елімізде той-бизнестің дәуірлеп тұрғанын айтқан әнші өзінің қаламақасы қазақстандық әншілерге қарағанда әлдеқайда аз екенін мәлімдеді.

         Өз елінен гөрі Қазақстанда танымалдығы жоғары Италия әншісі Сон Паскаль қазақтың той-томалақтарына жиі шығып тұратын, көрсеткен қызметінің арқасында миллиондап ақша табатынын жасырмады.

      «Қазақстанда тойдың орны ерекше, тойға жиі шығып тұрам. Бұл — қазақстандық формат. Айтпақшы, Италияның оңтүстік өңірінде де осылай көңіл көтергенді қатты ұнатады», – деді  Паскаль. Көпшілік оны Қазақстанға тек пайда табу үшін келді деп ойламас үшін ол қазақстандық әріптестерінен гөрі азырақ қаламақы сұрайтынын жеткізді: «Тойдан миллион теңге табыс табам. Доллар емес. Бұл — орташа баға. Шынымды айтсам, басқалардың құнымен өзімдікін салыстырам да, әріптестерімнен сәл арзандау сұраймын. Себебі олар — қазақстандық, мені Италиядан тек ақша табу үшін келді деп ойламаса екен. Қазақстан — музыка жағынан менің бірінші үйім, мұнда музыкалық деңгейімді шыңдадым. Бұрын 100-150 адамға ән айтсам, қазір 25 мың адамға өнер көрсетемін», — деді Паскаль.

         Сонның айтуынша, «Паскалистан» жобасының екі маусымдық кезеңінен кейін «Пекин-экспресс» шоуынан соң оның табыс көзі едәуір өскен.