АЛТЫНОРДА
Новости

Сот Adam bol журналын жабу туралы үкім етті

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында бүгін Adam bol журналының ісі бойынша процесс аяқталды. Сот журналды жабуға үкім етті.

Журналдың өкілдері сот үстінде прокурорды ауыстыру (отвод) туралы өтініш түсірген. Бірақ сот өтініштерін қабылдамай тастады. Бұдан соң журнал өкілдері сот судьясы Әсел Әбішеваның өзіне қарсылық (отвод) білдіріп, залдан шығып кетті. Бұдан соң Медеу аудандық сотының басқа судьясы Әбішеваны ауыстыру туралы өтінішті қабылдамай тастады. Процесті ары қарай жалғастырған судья Әбішева үкім оқыған кезде Adam bol журналының өкілдері кетіп қалған болатын.

Шешімге сәйкес журнал Алматы әкімдігінің түсірген арызын қанағаттандырды, яғни апталық журнал жабылатын болды. Басылым бұл шешімнің үстінен апелляциялық шағым түсіре алады.

Алматы қаласының әкімдігі 28 тамызда журналға басылған «Наши на чужой войне» атты Киевте тұратын қазақстандық саяси эммигрант Айдос Садықовтың сұхбатында соғысқа шақыру белгілер ібар деп шағымданған еді.

Adam bol журналының өкілдері мен жақтастары істің саяси астары бар деп санайды. Билік өкілдері ешқандай саяси астар жоқ екенін айтады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141224/330/330.html?id=26760871