Атақты Кристиан Диор қарапайымдылық пен сыртқы келбетке күтімді кербездік пен әсемдіктің негізі деп санады. Ол сапаға көбірек көңіл бөліп, әр ұсақ-түйектің өзін назарда ұстаған. «Мен үшін идеал – қарапайым адал жұмыскердің бейнесі. Көзге бірден түсетіндей жарқылдап тұрмаса да, мен үшін бағалысы – адалдығы мен сапалысы» деген екен Диор.
Дизайнердің ережелері:
- Өзіңізді зерттеуден еш жалықпаңыз. Киімді дұрыс таңдау үшін қандай түстің, қандай киім үлгісінің сіздің әсемдігіңізді айшықтап тұратынын жан-жақты білуіңіз керек. Дұрыс таңдалған жаға бет пішінінің әдемілігін көрсетсе, ерекше жең нәзік қолыңызға назар аудартады. Қыпша белді белбеу көзге бірден түсіреді. Сондықтан әрдайым өзіңіздің ең әдемі қырыңызды көрсете білуге тырысыңыз.
- «Артық қыламын» деп, тыртық қылудан аулақ болыңыз. Елден ерекшеленіп тұру үшін батылдық қана емес, талғам да қажет. Талғамсыз таңдалған киім үлгісі сыртқы келбетіңізге міндетті түрде кері әсерінс тигізеді.
- Аксессуарлардың болуы өте маңызды. Тіпті арзан бижутерияның өзі киімге көрік береді. Сондай-ақ аяқкиімге ерекше көңіл бөліңіз. Аяқкиім әйел адамның өзіне сенімділігін арттырып, басқаларда жақсы әсер қалдырады.
- Иіссу – образдың соңғы нүктесі. Арулар, олардың киімдері ғана емес, бөлмелері де хош иіске бөленіп тұруы керек. Хош иіс көңіл күйді көтереді. «Әйел заты туралы оның қолтаңбасы емес, иіссуы көбірек ақпарат айта алады», – дейді Диор.
http://anabol.kz/post.html?id=1042