АЛТЫНОРДА
Новости

СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР КӨБЕЙЕДІ

вавБүгін Астанада ОКҚ брифингінде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сыртқы саясат ведомствосының жұмысы туралы айтты. 

«Еуропалық одақ Қазақстанның басты сауда және инвестициялық серіктесі болып қала береді. Франциямен, Испаниямен және Италиямен стратегиялық серіктестік туралы келісім-шарттар жасалды. Біз Германиямен және басқа да мемлекеттермен осындай қытынастарды нығайту ниетіндеміз, қазір ондай біраз құжаттар бар және біразы әлі де әзірлену үстінде», — деді министр.

«Біз Еуропалық одақпен серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмыстарды жалғастырудамыз. Инновациялық-технологиялықсеріктестіктен басқа, келісімнің маңызды бағытының бірі — біз жүргізіп келе жатқан біздің азаматтарымыз үшін рұхсаттама режімін либерализациялау жөніндегі жұмыс болмақ», — деп атап өтті Е.Ыдырысов.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/38559