Британиялық Саима Ахмад атты студент Nestle компаниясына шағым түсірді. Себебі ол сегіз Kit-Kat шоколадын сатып алып, олардың бәрі вафлисіз болып шыққан, деп хабарлайды The Daily Mail. Атақты компанияның танымал өнімінен көңілі қалған студент былай дейді: «Компания сондай керемет өнімді жарнамалайды. Бірақ, маған келгенде оның шоколадпен үйлесімділігі жыр етіп айтылатын вафлиі ораманың ішінде болмай қалды». Енді оның айтуынша, осы олқылық үшін Nestle оған бүкіл өмірге жетерлік Kit-Kat қорын беруі тиіс. Саима өз арызында «өндірушілер өз тұтынушылары туралы ойлауы керектігін» басып айтқан
. Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/