Кейбір тағамдарды ашқарынға жемеуіңіз керек екенін білесіз бе? Бұл кері әсер беріп, денсаулығыңызға зиян тигізуі әбден мүмкін. Сонымен, мамандар мынадай тағам түрлерін қарныңыз ашта жемеуге кеңес береді. Студенттер қауымы, бұл кеңестер сіздерге арналады…
Апельсин
Бұл цитрус жемісіндегі қышқыл асқазан жиектеріне кері әсер беріп, қыжыл туындатып, үрленуіне алып келеді.
Тәтті картофель
Оның құрамындағы заттар асқазан ауруына шалдықтыруы әбден мүмкін екен.
Қызанақ
Томаттар да кері әсер беріп, адамның әлсіздікті сезінуіне алып келеді.
Сарымсақ
Ашқарынға желінген сарымсақ гастроспазма аруына шалдықтырады.
Банан
Осынау ең тиімді, пайдалы жемісті де ашқарынға жеуге болмайды екен. Себебі ол ағзадағы магний мен калций тепе-теңдігін бұзады-мыс. Кейіннен жүрек аурулары да қосылуы мүмкін.
Долана
Долана жемістері асқазан сөлін қою етеді.
Йогурт
Асқазанға йогурттан ешқандай зиян келмейді, бірақ пайдасы да жоқ. Йогуртты тамақтанған соң 1-2 сағаттан соң жесе пайдасы мол.
Құрма
Құрма да дәл тәтті картофель секілді зиян болады.
Қант
Қант барлық ағзаға зиян болуы мүмкін. Себебі ол ұқйы безінің қызметін әлсіз етуі ықтимал.
Шабдалы, алша және өрік
Бұлар асқазан ауруларының себепшісі. Мәселен, түйіп ауыру, диарея…
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: kazan24.ru
http://massaget.kz