Батыс Қазақстан облысында “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 2,7 млрд теңге көлемінде несие берілді.2013 жылы “Сыбаға” бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан облысында 2,7 млрд теңге игерілді. Бағдарлама мал шаруашылығымен айналысатын фермерлік шаруашылықтардағы ет-сүт өнімділігі жоғары табынның мал басын көбейтуге бағытталған.
2011-2013 жылдары кемінде 8,5 мың бас ірі қара мал басын сатып алып, фермерлік шаруашылықтар желісін ашу жоспарланған болатын. Жыл соңында бағдарлама бойынша 295 фермерлік шаруашылық 2,7 млрд теңге көлемінде бөлінген несиеге 13 969 бас аналық ірі-қара және 586 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды,- деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
2014 жылы аталған бағдарлама бойынша 11,7 млн теңге көлеміндегі несиеге қос шаруа қожалығы 52 аналық ірі қара және 5 асылтұқымды бұқа сатып алуды жоспарлап отыр.
— Аталған бағдарлама бойынша биылғы жылдың жоспарын жүзеге асыру үшін Батыс Қазақстан облысының “НУХ” “КазАгро” АҚ 500 бас ірі қара сатып алуға 111 млн теңге бөлінген. Бұл бағдарламаның толық көлемде орындалуына мүмкіндік береді,- дейді сала мамандары.
Гүлфайрус Уалиахмет
Батыс Қазақстан облысы
http://munara.kz/