Стокгольм қаласында сабақ өтуге арналған арнайы сыныптары жоқ жаңа мектеп ашылды. Мұндағы сабақтар ашық аспан астында өткізіледі. Және оқушылар сабақта қалағандарынша отыра алады. Яғни, бірі мектепке қойылған кереуетке жатып алса, екінші терезенің алдына отырып алуы мүмкін. Бұл мектептің тақтасы да басқаша…
Жаңа бағытта жұмыс істейтін мектеп үшін басты мақсат – білім беру ғана емес, оқушыны бостандыққа, рухтың бірлігіне тәрбиелеу.
Жалпы скандинавиялық білім беру жүйесі сонау ерте кездердегі пруссиялық мектептерден бастау алады, тіпті, бұл үрдіс бүгінгі күнге дейін Солтүстік-Еуропа елдерінде жалғасын тауып келеді.
Аталған мектепке «Оpenspace», яғни, «Ашық кеңістік» деген атау берілген. Мектеп ғимаратын салған бас сәулетшінің есімі – Розан Бош.
Мектеп түрлі-түсті жиһаздармен, оқуға және жұмысқа арналған аймақтармен, зертханалармен, кітапханалармен, ландшафты аймақтармен және кинотеатрмен толтырылған.
Тағы бір ерекшелгі – «Оpenspace» мектебіндегі бір сыныпта 5-7 ғана оқушы білім алады. Мектеп оқушыларының барлығы да ноутбукпен қамтамасыз етілген.
Суреттер:vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева