АЛТЫНОРДА
Новости

Сырғалылар есіне

Құлақ тескізу – әсемдікке құштар әйел заты үшін кем болса болмайтын құбылыс. Сырға тағып жүрген барлық арулардың басынан өткен бұл жағдайға әсте бей-жай қарауға болмайды. Кейбір бойжеткендеріміз қолайлылық үшін, әрі, ақша үнемдеу мақсатында арнайы білімі жоқ шағын коммерциялық дүкендердің қызметіне жүгініп жатады.

Медицина мамандары құлақ тескізгенде істетілетін құралдар таза болмаса бауыр қабыну, рак аурыуы тектес айықпас дерттерге душар етеді деп дабыл қағуда. Дәрігерлердің айтуынша: «Жоғары тазалықтан өтпеген немесе рак вирусы жұққан құралдарды істетіп құлақ тескізу, тіс жұлғызу, дегене өрнек салғызу сияқты әрекеттердің бәрі осы айықпас дерттің бір қайнар көзі есептеледі. Рак ауыруы жұғымдалуының 3 түрлі жолының бірі – қан арқылы жұғымдалу. Сондықтан бұл қарапайым сауатты жалпы халық білуі керек» дейді.

Аталған қызмет түрін ұсынатын орындар лазерлі сәулемен атып тесу немесе құлаққа арнайы инелерді ешқандай медициналық тазалаусыз-ақ, спирт арқылы ғана залалсыздандырып қайталай пайдалана береді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: rozatai.wordpress.com

 

http://massaget.kz/bastangy/sn/10015