Әр елдің өз ұлттық өнегесіне, дүниетанымына байланысты ата-дәстүрлері бар. Оның барлығы тарихи оқиға мен ұлттық көзқарас желісімен қалыптасқан салт-дәстүрлер. Сол себепті, ақ сақалды қарияларымыз сонау өтпелі кездерден бері жалғасып келген мәдени ата-мұрамызды сақтап қалуды өмірлік парыз санаған.
Непал патша жұртшылығы ата-баба сөзін тілге тиек етіп, ерекше дәстүр түрін XVII ғасырдан бері үзбей жалғастырып келеді. Олардың ойынша, жыныс бездері жақсы дами қоймаған жас бүлдіршін қыз қарапайым халықты жауыздықтан қорғап, сәттілікке жолықтырады екен. Ондай лауазымды «Кумари» деп атайды. Кумари қызы – Шакья кастасының неваро жұртынан таңдалынып алынады. Ол — король маңдайына қызыл түсті тилаку қойып беретін жалғыз адам. Сондықтан Кумари қызын бүкіл халық аса қатты қастерлеп, табанын жерге тигізбей барлық мүмкін болатын жағдайды жасап береді. Алайда қыз бойжеткен шаққа келгенде молшылық өмірден бас тартып, бұрынғы өніп-өскен ортасына қайта оралуы қажет. Ары қарай қарапайым бозбала секілді өмірі өз жалғасын табады. Ендеше, Кумари қызының бір күндік өмірі қалай өрбиді екен? Соны тамашалайық.
Фестиваль кезінде қария кемпір басын төмен қаратып Кумариге тәжім етуде
«Кумари» сөзі непал тілінен аударғанда «пәк, таза» деген мағына береді. Олар үйін тастап, ғибадатханада тұруға мәжбүр.
Кумари тек мерекелік іс-шара кезінде жұрт алдына шығып, қызмет етеді.
Кумари қызы адамдарды өзіне табындыру үшін бір жыл бойы қоғамдық жерлерді мекендеп жүреді.
Жұрт көзіне көріну үшін Самита міндетті түрде маңдайына үшінші көз салуы тиіс.
Кумари қызы қасиетті адам болып есептелетіндіктен, табаны жерге тимеуі қажет. Оны үнемі арбаға немесе қолға көтеріп жүреді.
12 күндік «Gufa». Бұл дәстүр қыздың соңғы аяқтайтын рәсімі. Бұдан кейін қыз қарапайым қыздар секілді өмір сүре бастайды.
Суретте Самита Баджрачари өзінің ағасы мен ата-анасымен бірге
Непал мектептері ақылы оқытады, әйткенмен басшылар Самитаның балалық шағын ескеріп, қызға тегін білім беріп жатыр.
Қазір Самита мектепке барып, бос уақытын достарымен бірге өткізуде.
http://massaget.kz/alemtanu/syrly-alem/19287