АЛТЫНОРДА
Новости

 «Табиғат» тәртіпке шақырды

Заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы облыстық ІІД қызметкерлері шұғыл түрде «Табиғат» іс-шарасын қолға алып, заң бұзған азаматтарды қатаң түрде тәртіпке шақырды.


– «Табиғат» іс-шарасын қол­ға алмас бұрын алдымен, об­лыстың барлық аймақтарында – аудандар мен елді мекендер­де жедел топтар құрылып, олар­ға арнайы тапсырма берілді. Сөйтіп, іс-шара жүргізіл­ген тоғыз күннің ішінде облыс аумағында экологиялық заң бұзушылық сипатындағы 173 оқиға дер кезінде анықталып, 13 экологиялық қылмыс тіркелді. Әсіресе, Талғар ауданы мен Қапшағай қаласы аумағында анағұрлым көп заң бұзушылық­қа жол берілгені белгілі бол­ды. Іс-шара барысында үш қыл­мыстық іс қозғалып, заң бұ­зушыларға қатысты жиналған барлық құжат жергілікті сотқа жіберілді. Нақтырақ айтқанда, жылдан-жылға құрып бара жат­қан өсімдіктерді заңсыз жи­наумен қатар, аулауға қатаң тыйым салынған. Жан-жануар­лар мен құстарды заңсыз ұстау, өзен-көлдерден рұқсатсыз ба­лық аулау тәрізді өрескел заң бұзушылықтар орын алып, күдіктілердің бәрі заң жүзін­де жауапқа тартылуда, – дейді Алматы облыстық ІІД Әкім­ші­лік полициясы басқару де­пар­таментінің бастығы, поли­ция полковнигі Жолдасбек Алмашев. Облыс полицейлері бір апта­дан астам уақыт жүзеге асыр­ған жедел іс-шара барысында 54 келі балықты заңсыз аулаған 173 тұрғын табиғатты қорғау заңын өрескел бұзғаны үшін әкімшілік тұрғыдан жауапқа тартылды. Олардан балық аулайтын 36 құрал-жабдық және 45 дана қару тәркіленді.
– Жалпы, «Табиғат» іс-ша­расы барысында ағаштарды рұқ­сатсыз кесуге қатысты – 34, жан-жанураларды заңсыз атып алу бойынша – 87, балық аулау ережесін өрескел бұзуға қатысты – 39 оқиғаның беті ашылып, 170-тен астам адам әкімшілік жауапқа тартылды. Олардан мемлекет қазынасына жалпы көлемі 221 мың 560 тең­ге айыппұл өндірілді, – дейді басқарма бастығы, полиция полковнигі Жолдасбек Алмашев.

Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ

http://www.aikyn.kz