![]() Іс-шараның тағы бір ерекшелігі, Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы студент-жастарының көмегімен «Таңбалы тас» шатқалында халқымыздың киіз үй қалашығы бой көтереді. Мұнда келушілер қол өнер шеберлерінің үздік туындыларымен танысады. Қазақстандықтарды туған табиғатты аялауға шақыру бағытында өткізілгелі отырған «Таңбалы тас» халықаралық фестиваліне келген әрбір адам мерекеден ұмытылмастай әсер алып қайтатыны даусыз. Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ |