АЛТЫНОРДА
Новости

 Тағдырын қазақ театрына арнаған орыс қызы

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жылына қанша спектакль болатынын, оның ішінде жаңа қойылымдарды алдын ала біліп отыратын бірден-бір кісі – Любовь Витальевна.

 

Орыс қызының тағдырын қазақ театр­мен байланыстырған бір-ақ нәрсе екен. Ол – тігіншілік өнер. Қазақтың небір марқасқаларымен бірге қызмет істеп, дәмдес болған Любовьтің тігін цехы­ның меңгерушісі болғанына 30 жылдан асып­ты. Осы қызметке 19 жасында келген ол

осы уақытта қазақ өнерінің қадірін бі­ліп, небір атақты актерлерге сахналық киімдер тігіпті. Олардың қайсыбірі ма­тасымен ғана емес, тігу ерекшелігімен, әдіптелуімен, өрнек салуымен, кейіпкер­ге лайықтылығымен ерекшеленеді жә­не соған сай бағасы да қойылған. Тіпті оны 1000000 теңгеге бағалауға, аукционда одан да қымбатқа саудалауға болады.

Егер Любовь Витальевна жеке кәсіп­керлікпен айналысып, тігін цехын ашар болса, әлдеқашан қазақстандық қалталы азаматтардың қатарын толықтырады жә­не ең танымал киімдерімен жұрттың ыстық ықыласына бөленер еді. Бірақ ол кісі алпыстың асқарына бет алса да, театр­дан кеткісі жоқ. Театр – сүйікті орны, әр спектакльдегі киімдерді жатқа айтатын

ол қазақ өнерін терең меңгергенін мақта­ныш етеді.

Иә, шын мәнінде қарапайым тігін­ші қазақтың қайталанбас өнеріне неге қызықты және оны қаншалықты меңгер­ді? Бұл туралы мақаланы газетіміздің ал­дағы сандарының бірінен оқисыздар.

 

http://www.aikyn.kz