Тайланд — таңғажайып мекен. Жұмақпен пара-пар аралдар, ақ құмды жағажайлар, өзіндік тарихы бар ғибадатханалар, бірегей архитектура, көне мәдениет және гастрономикалық жауһарлар.
Тайланд мемлекетінің тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрі өзгелерден ерекше. Оны толықтай сипаттау үшін 10 мақаланың өзі жеткіліксіз болатын шығар. Сондықтан назарларыңызға Тайланд туралы ең қызықты 18 деректі ұсынамын.
1. Тайландтағы жыл санау жүйесі әлемнен өзгеше. Дәл қазір ол жақта 2557 жыл.
2. Тайландтың саяхатшылар мемлекетіне айналуына Вьетнам соғысы әсер еткен. Бұл жерде АҚШ соғыс базалары мен сарбаздары қоныстанған. Әсіресе сарбаздар арасында Паттайя қаласы танымал болған.
3. Тайланд көшелерінен маскүнемдерді кездестіру мүмкін емес. Олар мүлдем ішімдік ішпейді десек те болады. Ал ішкен жағдайда мәдениеттіліктен аттап өтпеуге тырысады. Әдетте ішімдік ішкен тайлық тұрғын бұрышта жәй ғана жымиып отырады.
4. Тайлық милиционер — көркем киінген, тұрғындар арасында аса беделді адам. Ол кез келген бұзақыны жөнге қоя алады.
5. Тайландта қоғамдық жерлерде ер адам кеудешесіз жүре алмайды. Бұл тәртіпті бұзушылықпен бірдей.
6. Аталған мемлекетте дауыс көтеріп сөйлесуге болмайды. Ал жымиып тұрған тұрғынды ақымақпен шатастырудың қажеті жоқ. Бұл — олардың қалыпты көңіл күйі. Тайланды осы себептен де «көтеріңкі көңіл күйдің елі» деп атайды.
7. Олар жаяу жүруден көлік мінуді жөн көреді. Әдетте мұны көліктің, тук-туктың, автобустың, метроның, скутердің, кеменің және қайықтың көмегімен жүзеге асырады. Тайландтың Пхукет сынды қалаларында қоғамдық автобустар болмайды.
8. Гиннесс рекордтар кітабында жазылғандай тайлық әліпби көлемі жағынан әлемде екінші орынды алады. Бірінші орында кхмер әліпбиі.
9. Тайланд халқы түгелдей дерлік мектепте ағылшын тілін меңгерсе де, оны тұрмыста қолдануға ұялады. Десе де ағылшын және орыс тілін жақсы меңгерген тайлықтарды кездестіру қиын емес.
10. Тай тілінде «аштық» сөзі жоқ.
11. 6000 жыл бұрын тайлықтар күрішті жеуге жарамды өсімдік ретінде танытқан болатын. Дәл қазір күрішті ең көп экспорттаушы мемлекет.
12. Тайландта барлығы да ханға тиесілі. Ол кез келген уақытта қалаған мүлікті тартып ала алады.
13. Көлік қозғалысы кері бағытта жүзеге асады.
14. Жолда абайсызда көлік апаты орын алса, тайлық тұрғындыкі қандай жағдай болмасын расталады.
15. Олар хандарын қатты құрметтейді. Егер ол туралы біреу жаман сөз айтса, міндетті түрде түрмеге отырады.
16. Тай көліктерінде жылытқыш болмайды.
17. Тайландты «ақ пілдер жері» деп атайды. Егер бір отбасында ақ піл дүниеге келсе, олар өмірінің соңына дейін көптеген жеңілдікке ие болады.
18. Адамның басы ең қасиетті мүше болып саналатындықтан, олардың барлығы дерлік жер үйде тұрады. Яғни көп қабатты үйде тұратын тайлықты кездестіру мүмкін емес.
Сурет: massaget.kz