АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Талдықорғанда алғашқы күздік жәрмеңкеге 324 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды (ФОТО)

20150905120255Бүгін Талдықорғанда өңір аграршыларының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтті.

Облыс орталығы тұрғындарымен қатар алғашқы күзгі жәрмеңкеге облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев пен облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров барды.

Облыстың барлық аудандары мен қалаларының тауар өндірушілері жәрмеңкесіне жалпы сомасы 94,1 млн. теңгеге сапалы және экологиялық таза өнімнің 437 түрі ұсынылды. Бұл 45,5 тонна ет, 12,78 тонна балық, 4,7 тонна сүт, 39,58 тонна картоп, 90 тонна көкөніс, 22,6 тонна жемістер мен жалпы көлемі 324,4 тонна басқа да түрлі өнімдер.

Қала тұрғындары атап өткендей, маусымдық жәрмеңке жүргізу — жақсы дәстүр, әсіресе төмен бағамен сатылатын тауарлардың кең ассортименті қуантады.

Тауарларға және көрсетілетін қызметтерге бағаны тұрақтандыру мақсатында Алматы облысында құрылған жедел штаб отырысын өткізу барысында  Алматы облысы әкімі А. Баталовтың тапсырмаларының бірі халықты төмен бағада сапалы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тұрақты жәрмеңке өткізу болды.

Сондай-ақ облыста тапсырма аясында тауарлар мен қызметтер бағаларына тұрақты мониторинг, негізсіз бағаның өсуін бақылау мақсатында кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, бұл жұмысқа өңір басшысының тапсырмасы бойынша «Жетісу» ӘКК, «КазАгроМаркетинг» АҚ филиалы, Монополияға қарсы саясат аумақтық комитетінің өкілдері қосылды.

Бірінші кезекте бақылауға әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер, мектеп керек-жарақтары, дәрілік заттар, сондай-ақ қызмет көрсету нысандары алынды. Бағаны тұрақтандыру шарасын облыс, аудандарда жұмыс істейтін өңірлік штабтар жүргізеді. Бұл ретте облыста әлеуметтік дүкендер мен сауда нүстелері жұмыс істейді, жәрмеңке өткізіледі, сенім телефоны бар. Талдықорғанда «Жедел желі» ашылып, WhatsApp арқылы қалалықтардан өтініш қабылданады.