АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Тамақ жемей өмiр сүруге бола ма?[:]

[:kz]

Қалайша… Әрине, “жоқ” дей­мiз бәрiмiз бiрауыздан. Тамақ жемесек, аштан өлемiз.  Әйтсе де, өмiрде нәр сызбgetImageай-ақ тiршiлiк ететiндер де бар екен. Оларды бретариандықтар деп атайды. Мұндай адамдар Күн көзiнен және ауадан қуат алады. Тiптi суды да қажетсiн­бейдi. Бiр қарағанда, ертегi сияқты. Дегенмен, өмiрде осындай адамдардың ғұмыр кешетiнiн дәрiгерлер жоққа шығармайды. Бiрақ олардың нақты саны жоқ. Бiр деректерде әлемде тамақ жемей өмiр сүретiндердiң саны 30 мың десе, екiншi бiр мәлiмет­терде бес мың деген айғақ айтылады. Тiптi кейбiр басылымдар олардың легi саусақпен санарлықтай дегендi жазады. Бүгiн солардың бiр-екеуiне тоқтала кетудi жөн санадық.

Михаэль Вернердiң денсаулығы мықты. Оның бойы екi метрге жақын, көңiлдi адам. Үлкен теннис ойнағанды жақсы көредi. Таңертең үш шақырымға жуық жүгiредi. Оның әйелi Анжелика таңғы асқа жұмыртқа қуырып жеп отырса, ол қантсыз бiр кесе кофе iшедi. Михаэль соңғы тағамын, картоптан жасалған салатты 2001 жылы Жаңа жыл қарсаңында жептi. Содан берi нәр сызбайды. 60 жасар химик, үш баланың әкесi, Германияның Брюнсвик қаласының тұрғыны Михаэль өзiнiң сирек кездесетiн адамдар қатарынан екенiн мақтан тұтады: “Бiз де сендер сияқты адамбыз. Бiрақ бiз қуатты асқазан арқылы емес, терi арқылы қабылдаймыз, сонымызбен ерек­шеленемiз”, – дейдi ол. Оған тамақ мүлде қажет емес. Дәрi­гер­лер оны бiр емес, бiрнеше рет бақылаудан өткiзген. Бәрi жақсы, жүрек соғысы, қан қысымы…
Ал ресейлiк Зинаида Баранова 10 жылдан берi тағам түгiлi, су да iшпептi. Оның мамандығы инженер-технолог. Ол да үш баланың анасы. 1980 жылы оның 18 жасар ұлы қайтыс болады. Бұл Зинаидаға өте ауыр тиедi. Күйзелiске ұшырайды. Басын тауға да, тасқа да соғады. Дiни кiтаптар оқиды. Тiптi Қап тауына кетiп қалып, ел-жұрттан алыс­тайды. Сөйтiп, шақшадай басы шарадай болып жүргенде “бiреу оған тамақ iшпеудi бұйырады”. Зинаиданың өзi оны “iшкi даусым” айтты дейдi. Ол алдымен тамақты, содан кейiн су iшудi доғарады. Дәрiгерлер де Зинаиданы сан рет тексерiстен өткiзген. Зейнеткерге мамандар оның биологиялық жасы – 30-да екенiн айтқан. Аш қарын жүретiн Зинаида 30 келiлiк қоржынды көтеруге қауқарлы екен.
Сонымен, мұндай адамдар қайдан, қалай пайда болған? Заманауи ғылым олар жөнiнде не айтады?
Бұл жөнiнде талас та, дау-дамай да көп. Кейбiр ғалымдар оларға сенбейдi. Адамның та­мақ жемей өмiр сүруi мүмкiн емес деген пiкiрде. Ал ендi бiр мамандар бұларды “жаңа заман адамдары” дейдi. Мүмкiн, осындай тәсiл арқылы адамдарға тәжiрибе жасап жүрген бiреу бар шығар? Олар кiмдер? Құдай ма? Ғарыштық парасат-пайым ба? Әлде жатжұрттықтар болар? Бұл сауалдарға заманауи ғылым жауап беруге қауқарсыз. Бiр қызығы, Күннен нәр алатын адамдар аман-сау ортамызда жүр. Ал олардың өмiр сүру ғұрпын қайталамақшы болғандар бұл өмiрмен қоштасуға мәжбүр екен. Сондықтан болар, Михаэль Вернер өз тәжiрибесiн басқалардың қайталауын қаламайды. Бiз де өз тарапымыздан сондай кеңес беремiз. Ай-күннiң аманында iшiм-жемнен бас тартып, сеспей қатып жүрмеңiз. 
gulzat_nurmolda
 
 
 
ngulz@maul.ru
http://www.zhasalash.kz/

[:]