Табиғаттың сұлулығында шек жоқ. Таңғаласың. Шеберлікке сүйсінесің. Кейде ойлайсың, Жаратқан Иемнің бәрін орын-орнына қоюында бір сыр бар-ау деп...
Мысалы, сұлулыққа қарау үшін, оған сүйсіне сұқтану үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Қазір ғаламтор арқылы да шартарапты шарлауға болады. Көз тоймайтын көріністерді интернет арқылы тамашалаудың өзі адамды демалдырады. Мұндай сұлу жерлер бізде де бар. Бірақ мәселе мынада: біз табиғаттың қадірін біліп жүрміз бе
Біз дүниежүзінде санаулы-ақ Шарын шатқалымен мақтана аламыз. Бірақ жер жаһаннын туристерін Шарынға әкеле алдық па? Оны көрсете аламыз ба, мақтанышпен. Көкейкесті сауал бұл. Ал мұндай мақтана аларлық, құндылығы бар нәрсені әлем өз еліне туристерді тартып, пайда тауып жатыр. Соның бірі – Атлантиканың ирланд жағалауындағы Дан Бристи теңіз шатқалы. Оған су кешіп, қайыққа мініп барудың немесе тікұшақпен төбесіне қонудың қажеті шамалы. Жағалауға бар да сұқтана қара! Биіктігі 50 метрге жететін теңіз жартасының ар жағы – көк айдын, төбесі – көк аспан. Үйлескен сұлулық! Мұнда жылда мыңдаған құстар ұя салады. Әсіресе, орнитологтардың бұл жартасқа махаббаты шексіз.
2. Қара теңіз жағалауындағы Прасковеевка селосының маңында «Парус» деген атауы бар теңіз жартасы бар. Оның биіктігі – 30, ұзындығы – 25 метрді құрайды. Оның сыртқы бейнесі шын мәнінде көк айдындағы желкенді қайыққа ұқсайды. Құстар ұя салған жартастың төменгі жағында домалақ тесік көрінеді. Мұның сыры бар. Саяхатшылардың айтуына қарағанда, ХІХ ғасырдың аяғында зеңбіректен атылған оқтан осындай тесік пайда болған. Бірақ олар жартасқа қарай неге оқ атты, оны жергілікті тарихшылар да айтып бере алмайды. Жағалаудан ондаған метр жерде ғана тұрған бұл жартас кезінде судың ортасында болғанға ұқсайды. Бірақ теңіз суы тартылған сәтте ол жағалауда қалып қойған. Бұл жартас та қиқулаған құстардың мекеніне айналғанын айта кету керек.
3. Шотландияның жағалауында орналасқан «Қарт Хой» құз жартасы әдемілігімен көз тартады. Оның биіктігі – 137 метр. Бірақ неге «Қарт Хой» деп аталған? Бұл жайлы дерек жоқ. Десек те, жергілікті өлкетанушылардың айтуына қарағанда, бұл жартас төрт ғасырдан бері өмір сүріп келеді. Оркнейск аралының маңында тұрған «қарттың» сұлбасы сәл мүжілгені болмаса, еңсесі тік. Басқа құз жартастарға қарағанда, бөлектеу, түсі де сарғыш тартқан ол шын мәнінде шебердің қолымен қалағанындай жақсы әсер қалдырады.
4. «Ұйықтап жатқан арыстан». Теңіз ортасында орналасқан Галапагосск аралындағы бұл жартас ең алдымен атқылаған жанартаудың салдарынан пайда болып, екіге жарылған деседі. Табиғат та шебер-ақ, анықтап қарасаң, бұл жартас шын мәнінде ұйықтап жатқан арыстанды көз алдыңа елестетеді.
5. Ал «Кәрі Гарри» жартасы Англияның жағалауында орналасқан. Аппақ түске боялған мұндай жартастар жер жаһанда сирек. Англияға қатысты Альбион атауы осы аппақ жартастардан шыққан деген дерек бар. Оның құрамы бордан құралған, тез мүжіледі, табиғаттың тосын мінезі қар-жаңбырға шыдамай, жыл өткен сайын «Кәрі Гарри» шөгіп барады. Мамандардың айтуына қарағанда, ХVІІІ ғасырдың басында олар мүжілмеген, үзыннан ұзақ тұтастай созылып жатқан. Қазір бөлектеніп қалған бор жартас әйтсе де әдем
http://www.aikyn.kz