АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Тапанша-туфли киген әйел әуежай күзетін тік тұрғызды (фото)

PISTАҚШ-тағы Мэриленд штатының әуежай күзеті аяқ астынан тексеріс жүргізді. Себебі мұнда жолаушы әйел тақасы тапанша пішінінде құйылған туфли киіп келіп, әуежайдағылардың күдігін тудырған. Одан бірден қауіптенген күзетшілер бас салып, әйелдің бүкіл жүгін ақтарып-төңкерді. Сондай-ақ ойыншық түрінде жасалған оқтар да мұқият тексерістен өтті, деп хабарлайды Independent. Артынша АҚШ-тың Көліктегі қауіпсіздік басқармасының бастығы «жолаушының қару-жарақ түрінде тігілген мұндай туфлиді әуежайға бекер кигендігін» айтыпты.

Дайындаған: Г.Абилова

Источник: http://24.kz/kz/