АЛТЫНОРДА
Новости

Таразда ондаған оқушы газдан уланды

Тараздағы №21 мектепте белгісіз адам баллоннан газ бүркіп, 40 оқушы мен бес мұғалім зардап шекті деп хабарлайды бүгін төтенше жағдайлар министрлігі.

«15 мамырда таңертең сабақ кезінде белгісіз адам болжам бойынша газ баллонынан газ бүркіген. Оның салдарынан 40 оқушы мен 5 мұғалім «улану» диагнозымен ауруханаға түсті» дейді министрлік.

Бүгін, 16 мамырда ауруханада 31 оқушы жатыр. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде, жағдайлары бірқалыпты. Қалған зардап шеккендер медициналық көмектен соң ауруханадан шығарылған.

Қазір аймақтық «Оңтүстік» қолбасшылығының радиация-химиялық және биологиялық барлау қызметінің мамандары дозиметриялық сараптама жүргізіп жатыр.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140516/330/330.html?id=25386700