Ата-ана баласын жаман болсын демейдi. Кiшкентай кезiнен ұл-қызын адамгершiлiкке, мейiрiмдiлiкке, имандылыққа тәрбиелейдi. Бiрақ тәрбиелеу бар да, оны қадағалау бар. Сондықтан бала өскен сайын, қадағалауды күшейту керек. Өкiнiшке қарай, қазiргi ата-аналар барлық жауапкершiлiктi мұғалiмге, одан қалса, балалардың мойнына артып қояды. Шынын айту керек, тұрмыс тауқыметiнен босамайтын кейбiр ата-аналар ұл-қыздарына тәрбие берудi ұмытқан. Себебi олардың уақыты жоқ, үнемi жұмысбасты боп жүредi.
Бауыр етi – баласының тәрбиесi туралы еш бас қатырғысы келмейдi. “Қажетiн ғаламтордан өзi-ақ тауып, оқып алады” деп ойлайды. Бұл – өте қате пiкiр. Баласының ғаламтордан не оқып немесе не көрiп отырғаны белгiсiз ғой. Еркiндiкте, еш қадағалаусыз қалған бала қатiгез, мейрiмсiз болып өседi, өзiнiң iс-әрекеттерiн дұрыс деп санайды. Бiрте-бiрте қиын жағдайға тап болғанын бiлмей де қалады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшiн уақыт бөлiп, балаларымен жиi сөйлесудi ұмытпау керек. Тәрбие кiлтi ата-ананың жүрегiнде екенiн естен шығармағанымыз дұрыс.
Раушан Мұқажанова,
Сән және дизайн колледжi директорының оқу-әдiстемелiк iсi жөнiндегi орынбасары,
Алматы қаласы.
http://zhasalash.kz/