АЛТЫНОРДА
Новости

Ташкент Киевпен еркін экономикалық аймақ құрмақ

Ресей украин тауарларын импорттауға тыйым салып жатқан тұста Өзбекстан Украинамен және Канадамен еркін экономикалық аймақ құруға ниет танытып отыр деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі.

Украинаның экономикалық даму және сауда министрі Павел Шереметтің хабарлауынша, екі елдің қатысуымен еркін экономикалық аймақ биылғы жылдың өзінде құрылады. Ол Өзбекстанмен келіссөздер жүргізіліп жатқанын да келтірді. 4 тамыз күні Өзбекстанның Украинадағы елшісінің Павел Шереметпен кездескені хабарланған еді.

Өзбекстан Украинадан негізінен азық-түлік өнімдерін импорттайды. Ал Украинада Өзбекстанда құрастырылған көліктерге сұраныс басым. Еркін экономикалық аймақ құрылса импортталатын тауарларды шекарадан тасымалдауда белгілі бір жеңілдіктер жасалмақ.

Украина экономика министрлігінің ақпараты бойынша, биылғы жылдың бес айында Өзбекстанмен арадағы сауда айналымы 172 миллион АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың алғашқы бес айындағы сомадан 16 пайызға көп.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140805/330/330.html?id=26514503