АЛТЫНОРДА
Новости

Тау бөктеріндегі сиқырлы мекен

Әлемтану айдары бүгін өз оқырмандарымен Рамона атты өте сұлу әрі сиқырлы сарқырамаға саяхат жасайтын болады.

Рамонаны өте биік, жойқын күшке ие, аса үлкен көлемдегі сарқырама деп мақтай алмаймыз, десе де, мұндай сұлулықты ешбір жерден көре алмайтындығыңызға кепілдік бере аламыз.

Сарқыраманың биіктігі — бар болғаны 37 метр. Қараңызшы, әлемдегі ең сұлу сарқырама осы емес пе? Сарықырам бір қарағанда таудан құлап жатқан субұрқақты еске салады.

Аталған табиғат тамашасы Американың Орегон шататындағы Худ тауының бөктерінде орналасқан. Сарқырамаға жету өте қиын әрі жолдары өте қорқынышты. Тіпті, оны тауып алудың өзі оңай шаруа емес. Қалың орман мен биік таудың ар жағында тығылып жатыр.

Ел аузындағы аңыздарға сенсек, сарқырамаға тағылған Рамона атауы — сол жерді мекендеген тайпаның әйел көсемінің есіміне байланысты қойылған. Аңыз ба, ақиқат па, кім білсін? Әйтеуір, атаудың өзінде бір сыр жатқан секілді…

 

 

Суреттер:lightsup.ru,http://lady-uspech.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

http://massaget.kz