АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

Темірлан АЛМАС.АТАҚТЫ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЗАТТАРЫ АУКЦИОНҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

 
аукционШымкент қаласында өткен аукционда Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндік веложарысының жеңімпазы. Александр Винокуровтың өз атынан шығарылған, бірегей карбон велосипеді аукционда 1 650 000 теңгеге сатылды.

         Шымкент қаласында ұйымдастырылған қайырымдылық аукционында жиналған 4 миллион теңгеге жуық қаржы Қазақстандағы велоспорттық мектептерге велосипедтер мен керек-жарақ сатып алуға жұмсалатын болады. Қайырымдылық қорын ұйымдастыру идеясын аты әлемге әйгілі қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров бастаған екен, оңтүстікқазақстандық достары оны қостап, оны қалалық әкімдікпен байланыстырған. Сөйтіп Шымкент қаласының әкімінің қолдауымен осында қайырымдылық акциясы өткізіліп, жүзден астам адам қатысқан шеру ұйымдастырылды.

         аукциоМұндай спорттық шаралар Оңтүстік Қазақстан облысында жиі өткізіліп тұрады, дегенмен бұл жолы ерекше жағдайда өтті. Салауатты өмір салтын ұстанатын Шымкент тұрғындары жауған жаңбырға, ауа райының салқындығына қарамастан 15 шақырым қашықтықты құрайтын велошеруге қатысты. Велошерудің маршруты «Риксос Хадиша Шымкент» қонақ үйінің алдындағы алаңнан басталып, Наурыз алаңына дейін барады да қайта қайтады. Қайырымдылық шарасының басы-қасында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахимовтың өзі жүрді. Велошеру аяқталған соң қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылар шеруге қатысқан велосипедшілерді әртүрлі номинациялар бойынша марапаттады. Номинациялардың ішінде ең жас және ең қарт қатысушы да бар. Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін «Риксос Хадиша Шымкент» қонақ үйінде қайырымдылық аукционы өтті.

Аукционға саудаға түскен заттардың барлығы атақты спортшылардың тұтынған бұйымдарынан тұрады. Олардың барлығы дерлік қызу сауда үстінде қымбат бағаларға сатылып кетті. Мысалы,
Зүлфия Забированың өзі қойған қолтаңбасы бар веложейдесі 50 мың теңгеге, ал Александр Винокуровтың Лондондағы Олимпиадада жеңіске жеткен сәтіндегі киіп шыққан жейдесі 120 мың теңгеге сатылды. Тағы бір Олимпиада чемпионы, «Астана Арланс» командасының жетекшісі Серік Сапиевтің қолтаңбасы бар бокс қолғабын шымкенттік тұрғын 150 мың теңгеге сатып алды. Сондай-ақ, «Вуэльта Испания-2015» көпкүндік веложарыстың жеңімпазы, «Астана» командасының шабандозы Фабио Арудың жейдесін шымкенттік жанкүйерлердің бірі 90 мың теңгеге сатып алды. Бұдан кейін қымбат заттар саудаға салына бастады, эксклюзивті моторлы велосипедтің бағасын спорт жанкүйерлері өзара саудаласа келіп 900 мың мың теңгеге дейін көтерді. Ал аукциондағы ең қымбат лот – Александр Винокуровтың карбон велосипеді болды, ол 1 650 000 теңгеге сатылды.